Жаңа тақырыпты ашу Әдісі: «Миға шабуыл» Мұхиттар мен теңіздермен байланысты апаттарды You tube сайтынан«цунами, тайфун, торнадо, ураган» туралы бейнеролик көрсету арқылы тақырыпты ашу.
1 тапсырма Тәжірибе жасау
Оқыту формасы:Жұптық жұмыс
Әдісі: «Ой толғау» Кезеңнің мақсаты:
-Алдыңғы тақырыптардан алған мәліметтерді еске түсіру.
- тақырыпты мұнан әрі меңгеру бағытын анықтау.
Тәжірибежасау
«Толқын» Шыны ыдыстағы суға бір оқушы үрлейді. Не байқадық? Неліктен суда қозғалыс пайда болады?
Сол суға тас салынады. Су бетінде шеңбер-шеңбер толқындар пайда болады. Шыныдағы су сыртқа шығады.
Қандай құбылысты байқадыңдар?
1 қадам. Оқушылар тәжібиені жасайды.
2 қадам. Толқынның пайда болуына не әсер ететінін айту.
3 қадам. Жасалған тәжірибеден және бейнероликтен көргеннен қорытынды шығару
«Ыстық орындық» Тапсырманы қорытындылау мақсатында оқушылар бір-біріне лездеме сұрақтар қояды. Орындықта отырған оқушы сұрақтарға жылдам жауап беру керек
2-тапсырма.Әр топтың өз атына байланысты мұхиттар мен теңіздермен байланысты апаттарға сипаттама беру