Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
7.3.2.3 -«ауа райы» ұғымын түсіндіреді
7.3.2.4 температура, қысым, жел, бұлттылық, жауын-шашын, ылғалдылық метеорологиялық элементтер мен құбылыстарын сипаттап, зерттеу маңыздылығын анықтайды
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар: меторологиялық элементтер мен құбылыстарды түсініп сипаттай алу, оларды өлшейтін құрал-жабдықтармен танысу, өлшем бірліктерін анықтау.
Басым бөлігі: метеорологиялық элементтер мен құбылыстарын сипаттау, зерттеу маңыздылығын анықтау.
Кейбір оқушылар: метеорологиялық элементтерінің көрсеткіштері бойынша синоптикалық карта жасау.
Бағалау критерииі
оқушылар метеорологиялық элементтер мен құбылыстардың маңызын түсінеді, климаттық картада қолданылатын шартты белгілерді анықтайды.
- температура, қысым, жауын-шашын және желге байланысты өзгерістерді өлшей алады, шартты белгілерді қолдана отырып, кез-келген аймақтың ауа-райын сипаттайды.
- метеорологиялық элементтер мен құбылыстардың өзара байланысын анықтайды;
- метеорологиялық элементтері мен құбылыстары туралы деректер негізінде шартты белгілерді қолданып синоптикалық карта жасайды.