Сабақтың тақырыбы Хан Тәңірі шыңы Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет3/3
Дата08.04.2023
өлшемі1,36 Mb.
#80660
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
6 сынып ҚМЖ

ҚБ

Төмен жауап

Жақсы жауап!

Тамаша жауап!


ҚБ

Төмен жауап

Жақсы жауап!

Тамаша жауап!

ҚБ

Төмен жауап

Жақсы жауап!

Тамаша жауап!


Түртіп алу

Соңы

Кері байланыс. «Плюс-Минус-Қызығамын»
Үйге тапсырма.
5-тапсырма
Орфографиялық сөздіктен бөлек жазылатын 10-15 сөз теріп, сөйлем құрастырады.


Қосымша ақпарат

Саралау

Бағалау



тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады.
Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, қарапайым жоспар құрады.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беру.
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?



Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуда да, оқу да)
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады? (оқытуда да, оқуда да)
Тапсырмаларды уақыт мөлшеріне қарай таңдау, жұптағы қарым-қатынасты бақылау.
Жекелеген оқушыларды жұптық жұмыстарға тарту.

Қазақстандағы көрікті жерлер. Лексикография


Қазақ тілі 6-сынып І тоқсан 1- бөлім

І тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Бөлім: «Ұлттық және отбасылық құндылықтар. Фонетика»
«Лексикография»

Оқу мақсаты: 6.1.5.1 -оқылған мәтін мазмұны бойынша жалпы және
нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен
байланыстыру

ӘТН. 6.4.1.1 - тақырып бойынша жеке сөздер, бірге,
​ бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді
​ орфографиялық нормаға сай жазу.

Бағалау критерийі: ​

​-оқылған мәтін мазмұны бойынша сұраққа жауап береді;
-ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады;
​-тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис
​арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады.

Ойлау дағдыларыңың деңгейі:​Қолдану

Орындау уақыты: ​40 минут

Тапсырма. А. Мәтіндерді мұқият оқыңыз

1- мәтін
Келіннің тапқырлығы
Ертеректе бір қарияның балаларының аты Қамысбай Қасқырбай Қойбай Қубай Субай Қайрақбай Пышақбай Баубай Балтабай екен. Балтабайы үйге келін түсіріп, сол жаңа түскен жас келінді сынамақ болған атасы өзеннің ар жағынан сасқалақтағансып жүгіріп келіп:
«-Келін- ау, келін, судың ар жағында, қамыстың бер жағында қойды қасқыр жеп жатыр. Тез ауылға бар да, хабар бер. Балтабай пышақ қайрап әкеліп, қойды адал бауыздап алсын. Мен қасқырды қуып кеттім. Шүу!», - депті. Мұнысы - «қысылтаяң шақта келінім көргенсіздік танытып, өзінің қайын аға, қайын атасының атын атап қояр ма екен?» деген ойы ғой. Сөйтсе, келіншек не істепті десеңші, шапшаң төбеге жүгіріп шығып, күйеуіне: «Шапқы-ау шапқы шапшаң кел. Сарқыраманың ар жағында сылдыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр. Атам: «жаныманы білемеге жанып әкелсін» дейді. Өзі ұлыманы қуып кетті», -депті.
Сілтемесі: asyldin.kz › article › view
​​

2-мәтін
Қайта оралды қазағыма бүгін дәстүрлері.
Көптен күткен халқымыздың асыл арманы еді.
Берекелі қазақ жері - ел мерекелі
Дәстүрлерін жоғалтпаған қазағымның бұл ежелгі.
Шілдехана бесік той
Тұсау кесер сүндет той
Ай, шіркін-ай!
Құда түсіп сырға салу
Беташарым-ай.
Алтыбақан аясында сұлу бойжеткен,
Қыз-бозбала кең даланы
Әнімен елтіп тербеткен.
Ер жігітке жарасады озып шыққан бәйгеден,
Қыз балаға жарасады алқа, шашбау, сәукеле.
Жоғалмасын дәстүріміз ұмытылмасын,
Ата-баба көзіндей қылып сақтайық қазақ дәстүрін

1. мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріп, ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырыңыз, талқылаңыз.


1. Жас келін атасының сынына қандай тапқырлық танытты?
2. Өлеңдегі дәстүрдің қандай түрі халық арасында жиі кездеседі?

2.Екі мәтінді қайталап оқыңыз.Жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді сәйкестендіріңіз.


Жеке сөздер
Қамысбай, Субай, шілдехана, алтыбақан

Бірге жазылатын сөздер
Қыз-бозбала, шапқы-ау, шіркін-ай, ата-баба

Бөлек жазылатын сөздер
Қазағым, пышақ, қасқыр, жігіт

Дефис арқылы жазылатын сөздер
Ар жағында, қыз бала, жас келін

3.Мәтін бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазыңыз.

-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет