2-ші «Жорға» айналымынбастаймыз.
Ойыншыларға 5 сұрақтан тұратын 9 ұяшық ұсынылады. Қатысушы ұяшық номерін таңдап, бір минутта 5 сұраққа жауап беру керек. Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады. Ойынды 1-ші айналымда ең көп жинаған қатысушы бастайды. Ұпай саны төмен 3 оқушы ойынды осы жерден тоқтатады.
1-ұяшық сұрақтары:
Өшірілген немесе жойылған файлдар қайда сақталады? (Себет)
Интернеттегі веб-парақшаларды, мәліметтерді оқуға, іздеуге арналған программа. (Браузер)
Компьютердің миі. (Жүйелік қорап)
Дыбыстық ақпаратты не арқылы жеткіземіз? (Радио)
Зиянды программа. (Компьютерлік вирус)
2-ұяшық сұрақтары:
Ақпараттың ең кішкентай өлшем бірлігі? (Бит)
1 килобайт неше байтқа тең? (1024байт)
Тірі организм принципі бойынша құрастырылған жандандырылған автомат құрылғы (Робот)
Paint-та түстер жиынтығы? (Палитра)
Бас әріпті алатын перне. (Shift пернесі)
3-ұяшық сұрақтары:
Компьютердің үш негізгі құрылғылары? (Жүйелік блок, монитор, пернетақта)
Бос орын қалдыру пернесі? (Пробел)
Ақпаратты қағазға басып шығару құрығысы (Принтер)
Вирусқа қарсы программа (Антивирус)
Әртүрлі ақпаратты (температура, жылдамдық, сәуле, түс, дыбыс) өлшеуге арналған құрал. (Датчик)
4-ұяшық сұрақтары:
Ақпараттың ең үлкен өлшем бірлігі? (Терабайт)
Түрлі өткелдер мен жолдар арқылы берілген, шатасқан, күрделі құрылым? (Лабиринт)
Командалар іс-әрекеттерінің бірнеше рет қайталануы.(Цикл)