Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің зерттелуі және теориялық тарихы 1 апта Дәрістің мақсаты



бет1/2
Дата14.12.2022
өлшемі18,79 Kb.
#57142
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
№1 дәріс


Бірінші дәріс

Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің зерттелуі және теориялық тарихы


1 - апта
Дәрістің мақсаты:

  • XIX ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдайдың әдебиетке әсерін білу

  • ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихын теориялық тұрғыда негіздеген ғалымдардың еңбектерінің маңыздылығын түсіну

  • XIX ғасырдағы әдебиет үлгілерінің сақталу, басылым жайын білу

  • XIX ғасырдағы әдеби мұраны хатқа түсіріп, жүйелеп, тұжырымдаудағы Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, Г.Потанин, В.Радлов, Э.Диваев, М.Көпеев еңбектерін білу

  • М.Әуезов, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы, Ә.Бөкейханов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов т.б. қазақ әдебиеті тарихын жасаудағы еңбектерін зерделеу

  • ХІХ ғасырдағы әдеби мұралардың жанрлық және тақырыптық-идеялық ерекшеліктеріне қатысты зерттеулерді білу.

  • ХІХ ғасыр әдебиетіне қатысты тәуелсіздіктен кейінгі зерттеулерді білу (А.Қыраубаева, Б.Әзібаева, М.Жармұхамедұлы, Қ.Мәдібай, С.Негимов, С.Дәуітов, т.б.

XIX ғасырдағы тарихи жағдай. Саяси-әлеуметтік, экономикалық реформалар. Ресейдің отаршылдық саясатындағы батыл бетбұрыстар. 1822 жылғы әкімшілік билеу жүйесіне енгізілген өзгеріс. Хандық биліктің жойылуы. Исатай-Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілістің туу себептері, тарихи сабақтары. (1836-1838) Ішкі Бөкей ордасы (1801). Хан Жәңгір және тарихи шындық. Көтеріліс тарихы және оның ел әдебиетіне ықпалы. Махамбет Өтемісұлы, Шернияз Жарылғасұлы, Алмажан Азаматқызының поэзиясындағы ұлт-азаттық сарын.


Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1836-1847). Көтеріліс тарихы. Кенесары Қасымұлының күрескерлік тұлғасы. Кенесары-Наурызбай және көтеріліс батырлары жайлы жоқтау жырлар, тарихи дастандар. Қоқан, Хиуа хандығы езгісіне қарсы бас көтерулер, Жанқожа батыр көтерілісі (1856-1857). Бекет батырдың жер аударылып, айдалу тағдыры. Қазақ жерінің «Соғыс отарынан жер отарына» (М.Әуезов, С.Мұқанов) айналуы. 1867-68 жылғы «Жаңа низам» жер реформасы. Қазақстанның Ресей қарамағына тұтастай өтуі. Қазақ әдебиетіндегі «Зар заман» сарынының күшеюі. Қазақстанның рухани-мәдени тіршілігіндегі жағдайлар. Қазақ даласын, қазақтың тұрмыс-тіршілік, мінез-құлқын патша үкіметі тарапынан мақсатты түрде зерттеулерге кірісу. Миссионерлік саясат. Жалпы ағарту ісінің, орыс оқуының жандануы. Қазақ халқының әдебиеті, тілі, мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, дәстүр-салттары Батыс Европа, орыс ғалымдары тарапынан зерттеле бастағаны. Қазақ тілінде баспасөздің пайда болуы, кітап басып шығару. XIX ғасырдың соңына қарай шыққан қазақ тіліндегі баспасөз «Түркістан уәлаятының газетасы», «Дала уәлаятының газетасы» бетінде әдебиет материалдары, оларға қатысты алғашқы пікір, сыни ойлардың жариялануы.
XIX ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдайдың әдебиетке әсері. Ел өмірінің шындығы түскен әдеби шығармалардың тууы. XIX ғасыр әдебиетінің даму барысындағы күрделі өзгерістер, жаңа беталыс, бағыттар. Көркемдік ерекшеліктер. Әдебиеттің мазмұн, түр жағынан сан сапада, сан жанрда көрінуі. Ауызша және жазба әдебиет үлгілерінің қатар дамуы. XIX ғасыр әдебиетінің саяси-әлеуметтік, көркемдік негіздері. XIX ғасыр әдебиетіндегі негізгі сарындар, саяси бағыттар мен әдеби-көркемдік ағымдар. XIX ғасырдағы қазақтың жаңа жазба әдебиеті. Жазба әдеби тілдің дамуы.
XIX ғасырдағы әдебиет үлгілерінің сақталуы, басылым жайы. Қазақ әдебиеті тарихында бүл дәуір әдебиеттің жанрлық, көркемдік негіздер жөнімен зерттелуі, бағаланып, ғылыми жүйеге түсуі.
XIX ғасырдағы әдеби мұраны хатқа түсіріп, жүйелеп, тұжырымдаудағы Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, Г.Потанин, В.Радлов, Ильминский, Ю.Лютшь, Э.Диваев, М.Көпеев, Х.Досмұхамедұлы, А.Байтұрсынов, М.Әуезов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Ә.Қоңыратбаев, Е.Ысмайлов, Қ.Жұмашев, З.Қабдолов, З.Ахметов, Ы.Дүйсенбаев, Б.Кенжебаев, Х.Сүйіншәлиев, С.Қирабаев, Ш.Сәтбаева, Т.Кәкішев, Р.Бердібаев, Ә.Дербісәлин, М.Мырзахметов, С.Садырбаев, М.Мағауин, Қ.Сыдиықов, Ө.Күмісбаев, М.Жолдасбеков, А.Қыраубаева, М.Жармұхамедұлы, Ж.Тілепов, С.Негимов, С.Дәуітов, т.б. ғалымдар еңбектері.
Ш.Уалиханов, В.Радлов, Т.Потанин, т.б. шығыстанушы зерттеушілер қазақ әдебиеті туралы. Шоқан Уалихановтың қазақ өлеңін тұңғыш рет ғылыми негізде түрге бөлуі.
М.Әуезов, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы, Ә.Бөкейханов, т.б. қазақ әдебиеті тарихын жасауды қолға алуы. Әдебиеттің түрі мен тегіне байланысты жанрлық классификация жасауы. Қазақ әдебиеті тарихының, қазақ әдебиеті теориясының алғашқы оқулықтары. Олардың ғылыми жүйесі.
XIX ғасыр әдебиетінің XIX ғасырдың I жартысындағы, II жартысындағы әдебиет болып бөлінуі, түрлі ағым-бағыттардың, әдеби әдіс-тәсілдің белгілі бір кезеңдердегі айқындалу жөндері. Әдеби мұраны бағалау жайлы 1957 жылғы партия қаулысы. Қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеу мәселесіндегі
2 концепция.
XIX ғасыр әдебиетін түрлі атаулармен айғақтауда бұл әдебиеттің әдеби үлгісі, көркемдік негіздерінен гөрі мазмұндық, саяси мән жағынан берілген жалпы бағаның басым болғандығы. Керітартпа романтикалық, сыншыл реалистік, т.б. атаулар әдебиет ерекшелігіне қатысты болғанымен, көркемдік-теориялық негіздерден гөрі сырт саясатқа орай айғақталғандығы.
60-жылдар, кейінгі кезең әдебиеттану ғылымындағы күрделі зерттеулер. Жаңа тенденциялар. Әдеби мұраның басылым ісінің жандануы. Әдебиет мәселелерінің кең ауқымды: жанрлық, стильдік, тарихилық, т.б. жолмен соны зерттеулермен толығуы. Арнайы монографиялық еңбектер. Әдебиеттанудағы ақтаңдақтарды толықтыру жолдары. XIX ғасырдағы қазақ әдебиетін зерттеуді ілгері дамытудың өзекті мәселелері.
XIX ғасырдағы әдебиеттің дәстүрлі әдеби үлгілермен сабақтастық, ерекшелік жөннен зерттелу мәселелері.
Ауызша әдебиет пен жазба әдебиет үлгілерін айқындай, саралай түсу мәселелері. Жазба әдеби тілдің табиғатына бойлай түсу, жанрлық даму, т.б. мәселелер.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет