Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1. Хромосомалық аурулардың пайда болу механизімдерін сипаттайды.
|
Тақырыпқа байланысты интернет желісін пайдаланып видео көріп танысу.
|
|
Білу айдарындағы тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1. Хромосомалық аурулардың басқа тұқым қуалайтын аурулардан айырмашылығын атайды.
2. Хромосомалық аурулардың пайда болуының басты себебі неде?
3. Жаңа туылған қыз нәрестелерде айқын байқауға болатын ауру түрі қандай?
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1.Тапсырманы орындайды
|
ДК экраны
10-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
|
Түсіну және қолдану айдарындағы тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1. Аномальды хромосома деген не?
2. Патау синдромының анатомиялық белгісі қандай? Хромосомасындағы ауытқу қандай болады?
3. Эдвардс синдромына сипаттама береді. Ол ауруды алғаш зерттеп ашқан ғалым кім? Анатомиялық белгілерін қандай?
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1.Тапсырма бойынша талдау жасайды
2. Тарау бойынша білімді жүйелендіру және қорытындылау сұрақтары мен тапсырмаларын орындайды.
|
ДК экраны
10-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
|