Білімділік:HTML тілінде Web-сайт құруды үйрету, негізгі тегтер туралы білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Еңбек қауiпсiздігi және еңбектi қорғау жөнiндегi нормалардың, epeжeлер мен нұсқаулықтардың талаптарын, сондай-ақ жұмыс берушінің өндірісте жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі талаптарын сақтауға.
Тәрбиелік: Өндірісте болған әрбір жазатайым оқиға туралы, кәсіби аурудың белгілері туралы, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін жағдайлар туралы өзінің тікелей басшысына дереу хабарлауға.
Интерактивті тақта, компьютер, тақырыпқа жасалған лекция, тапсырмалар
Сабақтың басы (10 минут)
І. Ұйымдастыру кезеңі: а) оқушылармен амандасу, түгендеу
б) сабаққа зейіндерін аудару
Өткен сабақты пысықтау (сұрақ-жауап)
Сабақтың ортасы (60 минут)
HTML гипертекстік тілін 1989 жылы World Wide Web гипертекстік жүйесін бөлудің өңдеу технологиясының компоненттерінің бірі ретінде Тим Бернер – Ли ұсынғаны белгілі.
HTML тілінің атқаратын қызметі . Web – парақтары экранда ықшам түрде безендіріліп, көрсетілгенмен, HTML тілі мәтіндерді пішімдеп көрсететін тілге жатпайды. Өйткені әрбір тұтынушы әртүрлі компьютерлерді пайдаланады.
HTML командалары.HTML тілінің бастапқы мәтінді белгілейтін командалары тег (tag) деп аталынады. Тег символдар тізбегінен тұрады. Барлық тег «кіші» (<) символдарынан басталады да, «үлкен» (>) символымен аяқталады. Осындай қос символ тізбегі бұрыштық жақшалар деп те аталады. Ашылатын бұрыштық жақшадан соң команда аты болып табылатын түйінді сөз – тег орналасады.