Сабақтың басы
|
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу.
Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру: шеңбер құрып балаларды бір- біріне тілек айтқызып, психологиялық ахуал туғызу.
Қызығушылықты ояту. Ой қозғау мақсатында:
Балалар, сіздер әңгіме оқығанды ұнатасыздар ма? Неліктен?
Ы. Алтынсаринның қандай әңгімелері сіздерге көбірек ұнайды?
Қандай тақырыптар туралы қалам сермеген? Олай болса, балалар, сабағымызды бастамас бұрын «Қанағат», «Байлық», «Еңбек», «Адалдық» деген сөздердің мәнін ашып, бүгінгі тақырыппен байланысын анықтайық.
«Қанағат», «Байлық», «Еңбек», «Адалдық»
«Суреттер: не болды?» әдісі. Тақтадан суреттер көрсетіледі. Оқушылардан суретте не болып жатқанын және түсіндіріп берулері сұралады. Білім алушының назарын шоғырландыру үшін қосымша жетекші сұрақтар қойылады:
- Суреттен не байқадыңдар?
- Бұл қандай адам? Оның бойында қандай жақсы қасиет бар деп ойлайсыз?
- Бүгінгі сабақтың тақырыбы не жайлы? Болжаңыз.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.
|
Оқушыларға берілген тірек сөздердің мағынасын ашады, жаңа тақырыпқа болжам жасайды.
Тақтадан суреттер көрсетіледі. Оқушылардан суретте не болып жатқанын және түсіндіріп берулері сұралады. Тақырыпты болжайды.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.
|
ҚБ
|
5-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы
|