Сабақтың тақырыбы: Құқық дегеніміз не және ол қоғамдық қатынастарға қалай әсер етеді?



бет25/43
Дата19.10.2022
өлшемі0,61 Mb.
#44077
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   43
Байланысты:
ҚМЖ 9 сынып 1 тоқсан

"Түстер" әдісі арқылы топқа бөлу.
1 топ - Еңбек жағдайлары (жұмыс уақыты, тынығу уақыты, жалақы)
2 топ - жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері
3 топ - жұмыскердің құқықтары мен міндеттері

  1. Өткен сабақты пысықтау. Сұрақ қою.

  1. Меншік құқығы дегеніміз не?

  2. Меншіктің қандай түрлері бар?

  3. Меншік құқығын білудің маңыздылығы қандай?

«Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру»

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап, кері байланыс беріп отырады.




Түрлі-түсті қағаздар.

Жаңа сабақ

Мәтінмен жұмыс
Оқушыларды жаңа тақырыппен таныстыру.
«Бірін-бірі оқыту» («Броун қозғалысы») әдісі арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру.
Әр топ өздеріне берілген тақырыпшалармен танысады. Өз іштерінде «тілші» тағайындайды және ақпаратпен танысып болған соң әрбір топтағы «тілшілер» басқа топтарға өз тақырыпшаларын таныстырады.
Б/Т Кейс технологиясы
Топтар төмендегі жағдаяттарды талқылап, еңбек қатынастары субьектілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайды.
1-жағдаят: (1 топ)
«Он алты жасар Асан құрылыс жұмысына қосалқы жұмысшы болып тұрақты жұмысқа орналасты. Құрылысты уақытында тапсыру керек болды. Соған орай Асанды түнгі уақытта жұмысқа шығуға міндеттеді. Ол бас тартты. Осы себептен оны жұмыстан шығарып жіберді. Кәмелетке толмағанын сылтауратып, еңбек жалақысы мен еңбек кітапшасын да бермей қойды» (Әкімшіліктің іс-әрекетіне құқықтық баға бер, дәлелдер келтір).
2-жағдаят: (2 топ)
«Жұмысты ұзақ іздеген Әлібек, ақырында, бір фирмамен еңбек шартын жасауға келісті. Әлібек бәріне де көнеді. Алайда фирманың директоры мерзімінен тыс жұмыстар болуы мүмкін екендігін, мерзімінен тыс қалай және қанша істейтінін басшылық шешетінін ескертіп, жалақының да өзгеріссіз қалатынын айтты». (Әкімшілік ұсынған шарт еңбек заңнамасына сәйкес келе ме? Жауабыңды дәлелде.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет