Сабақтың тақырыбы Импульстің сақталу заңы



бет2/5
Дата14.02.2023
өлшемі128 Kb.
#67775
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Импульстің сақталу заңы . (9 сынып)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері



Ресурстар

Сабақтыңбасы
Ұйымдастыру кезеңі
7 мин


Ұйымдастыру
-сәлемдесу,
- сынып тазалығы,
-оқушыларды түгелдеу,
-сабаққа назарын аудару.
- оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Психологиялық ахуал қалыптастыру. Оқушыларды топқа біріктіру. «Гүлмен тілек»
Оқушылар арнайы дайындап келген гүлді алақандарына салып тұрып бір-біріне тілек айтады және гүлдің астына жазылған физикалық шамалар бойынша топқа біріктіремін. Векторлық және скаляр шамалар.

  1. Масса

  2. Жылдамдық

«Сұрақтар әлемі» әдісі
Белсенді оқу әдісі: сұрақ қою және талқылау.
Мақсаты:Оқушылардың танымдық қабілетін, сыни тұрғыдан ойлауын, сөйлеу және жылдам ойлау дағдыларын арттыру.

Сұрақтар:

Жауаптары:

1.Дене импульсі



1.Дененің массасы мен оның қозғалыс жылдамдығының көбейтіндісі

2.Күш импульсі

2.Күш пен оның әрекет ету уақытының көбейтіндісі

3.Дене импульсі векторының бағыты

3.Жылдамдық бағытымен сәйкес



4.Күш импульсінің бағыты



4.Күш векторының бағытымен сәйкес

5.Дене импульсінің өзгерісі

5.Күш импульсіне тең



6.Дене импульсінің бірлігі SI жүйесінде

6. кг*м/с



7.Күш импульсінің бірлігі SI жүйесінде

7. Н*с







Қима қағаздар
Слайд 1


Слайд 2



Сабақтың ортасы
28 мин


«Джигсо» әдісі.
Білу
Түсіну
Тыңдалым
Оқылым
Айтылым

«Конверттегі тапсырма» әдіс
Деңгейлік есептер шығару


Жазылым



Жаңа сабақ.
Мұғалімнің шолуы.
Белсенді оқу әдісі: Нұсқау беру және айту
Денелердің тұйық жүйесі – сыртқы күштердің әрекеттерін елемейтін, тек бір-бірімен ішкі күштер арқылы әрекеттесін денелердің жүйесі.
Тұйық жүйедегі денелердің өзара әрекеттесу күшін ішкі күш, ал тұйық жүйенің сыртындағы денелердің әрекет күштерін сыртқы күштер деп атаймыз.
Импульстің сақталу заңы – тұйық жүйеде денелер өзара әрекеттескенде импульстерін өзгерте алады, алайда олардың қосынды импульсі тұрақты сақталады.
Импульстің сақталу заңының математикалық өрнегі:


m1 + m2=m1 m2

Егер денелер соқтығысқаннан кейін бірігіп, бірдей жылдамдықпен қозғалатын болса, онда мұндай соқтығысуды абсолют серпімді соқтығысу деп аталады.
Абсолют серпімді Абсолют серпімсіз
«Джигсо» әдісі оқушылар берілген тапсырмаларды алдымен топта талқылау арқылы өз ойларын толық, нақты, жылдам жеткізе алуға дағдыланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет