Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
№2-тапсырма: Сөйлемнің бірыңғай мүшелерін қатыстырып, энергия көздері туралы ақпарат тауып жаз.
|
Жазылым:
Сөйлемнің бірыңғай мүшелерін қатыстырып, энергия көздері туралы ақпарат тауып жазады.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың жазылым дағдысы қалыптасады.
|
Дескриптор: Жалпы - 2 балл.
- Сөйлемнің бірыңғай мүшелерін қатыстырып ақпарат жазады.
|
ДК
Оқулық
|
|
№3-тапсырма:
Мәтінді оқыңдар. Бір-біріңе сұрақ қою арқылы тақырыпта айтылған мәселені жан-жақты қарастырып, жауап беріңдер. Сөйлемдерден бірыңғай мүшелерді табыңдар.
|
Оқылым:
Мәтінді оқиды. Бір біріне сұрақ қойып, Сөйлемдерден бірыңғай мүшелерді табады.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың оқылым және тыңдалым дағдысы қалыптасады.
|
Дескриптор:
Жалпы-4 балл.
- Мәтінді оқиды.
- Бір-біріңе сұрақ қою арқылы тақырыпта айтылған мәселені жан-жақты қарастырады
- Сөйлемдерден бірыңғай мүшелерді табады
|
Оқулық
Жұмыс дәптерлері.
|
Жеке жұмыс
|
№8-тапсырма:
Төменде берілген сұрақтардың бірін таңдап, өз жауабыңды екі дерек арқылы дәлелдей отырып, жауап бер.
Болашақ ұрпаққа таза әлем қалдырғымыз келсе, не істеуімізге болады?
|
Айтылым:
Жауабын екі дерек арқылы дәлелдей отырып, жауап береді.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады.
|
|