8.1.3.1 - тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау.
8.4.4.4 - жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдану;
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін: Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтайды. Жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолданады.
Көпшілік оқушылар үшін: Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтай алады. Жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдана алады.
Кейбір оқушылар үшін: Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсініп, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтайды. Жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдана біледі.
Құндылықтарға баулу:
Көне түркі жазбалары және қазақ жазуларымен танысып «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.