Сабақтың тақырыбы Ж. Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы «Ақбілек» романы



бет2/3
Дата25.09.2022
өлшемі188,59 Kb.
#40122
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Ж.Аймауытов Ақбілек Қмж

Жүсіпбек Аймауытов кім?


«Жүсіпбек Аймауытов кім?» деген сұраққа жауап береді (дәптерлеріне жазып, ортада талқылайды)
1-тапсырма. «Ақбілек» романын талдау (4 топқа мәтін ұсынылып, төмендегі тапсырмалар беріледі, оқушылар ауызша талдап, қорғап шығады):

Қысқаша мазмұны
Ақбілек романындағы барлық оқиғалар тікелей өмірден алынған. Ақбілек романы - қазақ ауылындағы дүрбелең жылдар шындығын, олардың дәстүрі мен тұрмысын, жекелеген адамдардың іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарын, әсіресе негізгі тұлға - Ақбілектің қызығынан қиындығы мол өмір жолдары жайында мұң мен шер де, сыр да толғайтын туынды.Бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. Сонымен бірге халқымыздың өткен өмір көріністерін, адамдар арасындағы көзқарастар қақтығысын, ел мен жер, келешек күндерге деген наным, сенімдері серпінді, шабытты, көркем кестеленеді. Кейіпкерлер келбеті, іс-қимылдары да нанымды жеткізіледі. Қазақ төңкерісінен кейінгі қазақ ауылының өмір-тірліктері, ақ гвардияшылар әрекеті кеңінен көрініс береді. Романда көтерілген басты мәселе - қазақ қызының тағдыры,.әйел теңсіздігі. «Ақбілек» романы - бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. Шығарманың бас кейіпкері Ақбілек өшіккен адамдардың кесірінен ақ әскерлердің тұтқынына түсіп, неше қилы қорлық көреді. Өз елінде де алуан қиындықтарға жолығады. Кейін төңкеріс аяқталған соң қалаға кетіп, оқу оқып, өз бақытын табады. Ақбілектің басынан өтетін осы оқиғалар арқылы жазушы сол бір қиын-қыстау кезеңдегі қазақ ауылдарындағы өмір шындығын, адамдардың түрлі тағдырын кеңінен бейнелейді.



І топ: Шығарманың жазылған жылы, шығарманың
жазылуына арқау болған жағдай, заман көрінісі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет