Қысқамерзімді жоспар №8-сабақ Сабақтың тақырыбы: Тауып сөйлеу - өнер
Бөлім:
IX бөлім. Сөз мәдениеті және шешендік өнер. Пунктуация
Педагогтің аты-жөні:
Күні:
Сыныбы: 10
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Тауып сөйлеу - өнер
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:
10.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу;
10.3.7.1 жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін: Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтайды.
Көпшілік оқушылар үшін: Жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөліп, ойын дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізеді.
Кейбір оқушылар үшін: Жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөліп, ойын дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізіп, редакциялайды.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
7 мин.
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.
3. Оқушыларды топтарға біріктіру.
Топқа кітап, дәптер және қаламсап оқу құралдарының суреттері бар қима қағаздар беріледі. Әр оқушы қима қағаздарды таңдау арқылы ұқсас құралдармен 3 топқа бірігеді.
1 топ: Кітап
2 топ: Дәптер
3 топ: Қаламсап
Мақсаты:Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау:Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
Сұрақтар: 1. Сендердің ойларыңша, халқымыз неліктен шешендік
өнерге ерекше мән берген?
2. Қазақ шешендік өнерінің көрнекті өкілдерін атаң дар.
Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.