Қысқамерзімді жоспар Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік. Көп мағыналы және омоним сөздер
№5-сабақ.
Бөлім:
4-бөлім. Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі
Педагогтің аты-жөні:
Күні:
Сыныбы:
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Төрт түлік. Көп мағыналы және омоним сөздер
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
5.1.3.1тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау
5.Т/А1.Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау.
5:ӘТН3.Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді,көп мағыналы сөздер,омоним,антоним,синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін: Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омонимдердің көркемдік ерекшеліктерін біледі.
Көпшілік оқушылар үшін: Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омонимдердің көркемдік ерекшеліктерін сипаттай алады.
Кейбір оқушылар үшін: Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омонимдердің көркемдік ерекшеліктерін қолдана алады.
Құндылықтарға баулу:
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.