Сабақтың тақырыбы: Жануарлар әлемі. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
бет 1/86 Дата 27.11.2022 өлшемі 393,17 Kb. #52900 түрі Сабақ
Қысқамерзімді жоспар
№1-сабақ.
Бөлім:
4-бөлім. Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі
Педагогтің аты-жөні:
Бақытжанова Б.
Күні:
7.11.22ж
Сыныбы: 5 «Ә»
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Жануарлар әлемі. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
5.1.3.1тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау
5.ӘТН3.Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді ,көп мағыналы сөздер ,омоним,антоним,синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін:
Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді.
Көпшілік оқушылар үшін:
Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді. Негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды.
Кейбір оқушылар үшін:
Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді ажырата алады.
Құндылықтарға баулу:
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы , функционалдық сауаттылығы , қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға , еңбеу етуге , Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: