11.7.2.1- табиғи радиоактивті ыдырау құбылысын (α, β және γ) және жартылай ыдырау периоды терминін түсіндіру
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар істей алады: табиғи радиоактивтікті түсінеді;
Көптеген оқушылар істей алады : α, β және γ сәулелерінің қолданылуын біледі;
Кейбір оқушылар істей алады: радиоактивті ыдырау құбылысына және жартылай ыдырау периодының формулаларын есептер шығаруда қолданады;
Жаңа материалды меңгеру Ойлан жұптас-бөліс әдісі бойынша топтық жұмыс 1топ Радиоактивті ыдырау заңын оқулықтан оқып талдап береді 1 топ Жас тағайындаудың радтокөміртектік әдісін топта меңгеріп басқа топтарқа түсіндіріп қорғапбереді Радиоактивті ыдырау деп – ядроның кездейсоқ түрде болатын табиғи радиоактивті түрлену процесін айтамыз.
Радиоактивті ыдырауға түсетін ядро – аналық, ал түрлену нәтижесінде пайда болған ядро – туынды деп аталады. Әдетте туынды ядро қозған күйде болады және тұрақты күйге өтуі кезінде γ – фотон шығарумен қоса жүзеге асырылады. Кез келген радиоактивті зат өте көп радиоактивті атомдардан тұрады. Радиоактивті ыдырау кездейсоқ, әрі сыртқы шарттарға тәуелсіз жүретін процесс болғандықтан, радиоактивтік ыдырау статистикалық заңға бағынады деп айтуға болады.
Радиоактивті заттардың түрленулерін зерттей келе, Резерфорд олардың активтігі уақыт өтуіне байланысты кемитінін тәжірибе жүзінде анықтады. Мәселен, радонның активтігі 1 мин уақыт өткеннің өзінде екі есе кемиді. Уран, торий жөне радий сияқты элементтердің активтігі де уақыттың өтуіне қарай кемиді, бірақ әлдеқайда баяу кемиді.
Әрбір радиоактивті зат үшін белгілі бір уақыт интервалы бар. Сол уақыт ішінде оның активтігі екі есе кемиді. Бұл интервал жартылай ыдырау периоды деп аталады.