DNS-сервер — тиiстi хаттама бойынша сұрау салулар DNSқа жауаптары үшiн қолайлы қосымша. DNS сонымен бiрге - сервермен қосымша iске қосылған хост деп атай алады.
Суретте интернеттің бір аумағының бағдарлары бейнеленген.
Желі адрестерін табуға тапсырма орындау.
1-тапсырма
TCP/IP желі терминологиясында желі маскасы деп желінің IP-адрес түйінінің қай бөлігі желі адресіне, ал қай бөлігі – осы желідегі тұйіннің адресіне жататынын көрсететін екілік санды айтады. Желінің белгіленген IP-адресі мен маскасына қарай желінің адресін табыңыз.
IP-адрес: 145.92.137.88 Маска: 255.255.240.0
Жауапты жазар кезде кестеде келтірілген IP-адрестің 4 элементін таңдаңыз және қажет ретпен сәйкес сандарды нүктесіз жазыңыз.
A
|
B
|
C
|
D
|
E
|
F
|
G
|
H
|
0
|
145
|
255
|
137
|
128
|
240
|
88
|
92
|
Жауабы: BHEA
Шығарылуы:
IP-адрес пен масканы екілік жүйеге ауыстырып, бір-біріне көбейтеміз.
IP-адрес: 145.92.137.88 10010001.01011100.10001001.01011000
Маска: 255.255.240.0 11111111.11111111.11110000.00000000
10010001.01011100.10000000.00000000
Шыққан санды ондық жүйеге ауыстырамыз, 145.92.128.0 (бұл желі адресі). Кесте бойынша оларға сәйкес келетін элементтерді нүктесіз жазып шығамыз, яғни ВНЕА.
Достарыңызбен бөлісу: |