Сабақтың тақырыбы: Жылулық қозғалыс, броундық қозғалыс, диффузия Білім беру ұйымының атауы



бет3/3
Дата21.10.2023
өлшемі3,38 Mb.
#120497
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
1. Жылулық қозғалыс

Рефлексия
Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.
Үйге тапсырма: Броундық қозғалыс. Диффузия тақырыбын оқу
Практикалық тапсырманы орындау

Әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша 10 баллдық жүйемен бағалау

Оқушылар сабақтағы жеткен деңгейіне байланысты өз ойларын айтады.







Оқулық соңындағы кестемені толтырады.

Қосымша 1


«Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы қатар отырған жұптар суреттегі диффузияны талдайды
- табиғаттағы диффузия
- тұрмыстағы диффузия
-техникадағы диффузия





Қосымша 2
Жинақтау.
1.Денелер температурасының өзгеруіне байланысты құбылыстар, __________ құбылыстары деп аталады.
2.Молекулалардың бейберекет қозғалысын __________ қозғалыс деп атайды.
3.Молекула-кинетикалық теорияның дамуына ұлы орыс ғалымы __________ үлкен үлес қосты.
4.Броундық қозғалыс-бұл __________ (немесе __________) қалықтаған бөлшектердің жылулық қозғалысы.
5.Броундық қозғалыстың молекула-кинетикалық теориясын 1905 жылы __________ жасаған болатын.
6.Броундық қозғалыс құбылысын алғаш рет 1827 жылы ағылшын ботанигі Р.Броун суда қалықтаған __________ спорасын микроскоппен қарап отырып байқаған.
7.Газдар шексіз ұлғаяды. Олар пішінін де, ... де сақтамайды.
8.Температураны өлшеу үшін, __________ деп аталатын аспап қолданылады.
9.Температура –молекулалардың орташа __________ энергиясының өлшеуіші.
10.Қатты дене,сұйық және газ молекулалары қозғалыстарының ортақ сипаты және айырмашылықтары қандай?

22Қосымша 3


«Білгеніңмен бөліс» әдісі арқылы қорытындылау сұрақтарына жауап беріңіз.
-аңдарға білдіртпей жақындау неліктен қиын?
-Молекулалардың жылдамдығы бөлме температурасында мылтық оғының жылдамдығынан артық. Неліктен солжылдамдықтан әлдеқайда жай таралады?
-Жылулық қозғалыстың қарқындылығын қалай арттырады?
- Сүт тамшысын микроскоппен қарағанда, түссіз сұйықтың реңінде (фонында) қалқып жүрген май тамшыларын көруге болады. Олардың бейберекет қозғалысын қалай түсіндіруге болады?
- Неліктен ұсақ бөлшектердің броундық қозғалысы тез жүреді де, ірі бөлшектердікі сәл ғана байқалады?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет