Психологиялық ахуал орнату. Қайырлы күн ұстазым,
Қайырлы күн достарым,
Шеңберге тұрайық
Жылулық сыйлайық!
Үй тапсырмасын пысықтау (26 бет 61-жаттығу)
Берілген әріптер қатарында жасырынған сөздерді тауып оқыңдар.
ШАБАСКЕТБОЛҚФ
ТРЕБАССЕЙННЗФК
БОКСШЫПАНСКТЕ
ҢІЮШАКЖҮЗГІШГ
-Тапқан сөздер туралы не білесіңдер? (Осы атаулар бойынша топқа біріктіру)
Баскетбол Боксшы Жүзгіш
Шаттық шеңбері
суреттер
Сабақтың ортасы
35 минут
Қызығушылықты ояту Ерте заманда "Сөз құрамы" елінде сұлу ханшайым өмір сүріпті. Оның түбір атты койлектері көп екен. Бірақ оған жарасатын аяқ киімі жоқ екен.
Ханшайым көптік, септік, тәуелдік елдерінен жалғау аяқ киімдерін, ал сөз тудырушы және түрлендіруші елдерінен жұрнақ аяқ киімдерін алдыртты.
Ең қызығы жұрнақ аяқ киімдерін кисе өте қатты өзгеріске енеді екен. Ал жалғау аяқ киімдерін кисе аса қатты өзгеріс байқалмайды екен.
Ал ендеше балалар, БІЛ көйлегіне, ГІШ аяқ киімін жарастырып көрейік.
БІЛГІШ
-ханшайым өзгерді ме?
-иә
БІЛ көйлегіне ДІ аяқ киімін жарастырып көрейік.
БІЛДІ
-ханшайым өзгерді ме?
-жоқ, өзгермеді
Балалар, қайсы аяқ киім жұрнақ, қайсы аяқ киім жалғау?