10.1.4.1 прозалық шығарманы тыңдау, шығармада көтерілген жалпы адамзаттық мәселені айқындау;
10.1.5.1 мәтіннен автордың көзқарасын (негізгі ойын) негіздейтін
аргументтерді талдай отырып, астарлы ойды анықтау
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін:Прозалық шығарманы тыңдайды, шығармада көтерілген жалпы адамзаттық мәселені түсінеді; · Мәтіннен автордың көзқарасын (негізгі ойын) негіздейтін аргументтерді табады;
Көпшілік оқушылар үшін: Мәтіннен автордың көзқарасын (негізгі ойын) негіздейтін аргументтерді талдай алады;
Кейбір оқушылар үшін: Мәтіннен автордың көзқарасын (негізгі ойын) негіздейтін аргументтер арқылы астарлы ойды айқындайды;
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Қызығушылық-ты ояту
7 мин.
І.Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу
Мақсаты:Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі:Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау:Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
Жаңа сабаққа кіріспе 5 мин.
«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты, бағалау критерийлері мен дескрипторлары таныстырылады.
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.