Тексерілді:
Күні: 27.09.2016
Пәні: қазақ әдебиеті
Сыныбы: 5-сынып
Сабақтың тақырыбы: Кейіпкерлерге талдау
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға «Ер Төстік» ертегісінің кейіпкерлері туралы түсінік беру;
2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу;
3. Дамытушылық: оқушыларды мәтінмен жұмыс істеуге, өз пікірін қорғауға дағдыландыру, әдебиетке қызығушылығын ояту.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы.
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
Ертегілер және оның түрлері.
Ер Төстік ертегісі туралы түсінік.
ІІІ Білім тексеру:
Ертегілерде нелер баяндалады?
Ертегілер бізге қалай жеткен?
Ертегілердің қанша түрі бар?
Хайуанаттар туралы ертегілерде қандай оқиғалар баяндалады?
Қиял-ғажайып ертегілерде қандай оқиғалар баяндалады?
«Ер Төстік» ертегісі қандай ертегіге жатады?
Ертегінің қандай керемет ғажайыптарын аңғардың?
ІV Жаңа сабаққа дайындық:
Сабақ тақырыбын тақтаға жазу.
Сабақ мақсатын түсіндіру.
V Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Ер Төстік ертегісінің кейіпкерлеріне талдау
Бүгінгі сабақта оқушыларға Ер Төстік ертегісінің кейіпкерлері туралы түсіндіремін. Әр кейіпкерге жеке-жеке сипаттама беремін.
Төстік – ертегідегі басты кейіпкер, батыр әрі патриот. Жақсылықты, отансүйгіштікті дәріптейтін жағымды кейіпкер.
Ерназар – Төстіктің әкесі, жағымсыз жағы бар. Жаны үшін ұлын жалмауызға сатып кетеді.
Кенжекей – ақылды, көреген, жарына адал жан.Төстікке тек жақсылық ойлайтын, жамандықтан алдын-ала сақтандырып отыратын жағымды кейіпкер.
Шалқұйрық – Төстіктің тұлпары, қиналғанда көмектесетін сенімді серігі.
Бапы хан – жер асты ханы.
Төстіктің достары: Баукеспе ұры – Темір ханның еліне барғанда көмегі тиеді. Баукеспелігі сонша – жан-жануардың сағы сауысқан болса, Баукеспе сол сауысқандардың құйрықтарын ұрлап алып, бірінің құйрығын біріне кигізгенде сезбей қалады.
Желаяқ – ұшқан құс, жүгірген аң одан құтылмайды.
Саққұлақ – алыс-жақындағыны түгел естіп отырады.
Таусоғар – жердің асты-үстінде оған тең келер ешкім жоқ.
Көлтауысар – жер-жаһаның мешкейі, қанша үлкен дария болса да, бір-ақ ұрттайды.
Көреген – жер-жаһанда болып жатқан барлық нәрсені көріп отырады.
Бекторы – Төстікке тек жамандық ойлайды, әр кез жамандық жасап жүретін жағымсыз кейіпкер.
Жалмауыз кемпір – Бекторының айтуымен ылғи Төстікке жамандық жасап жүретін жағымсыз кейіпкер.
Шойынқұлақ – жалмауыз кемпірдің баласы, жағымсыз кейіпкер.
Алып қарақұс – Төстікке көмекке келетін құс.
VІ Жаңа сабақты бекіту:
І Тапсырма.
Жер асты өнерпаздарына (Желаяқ, Саққұлақ, Баукеспе ұры, Таусоғар, Көреген, Көлтауысар) сипаттама беріңдер.
Ертегідегі ұнамды, ұнамсыз кейіпкерлерді екі бағанға бөліп жазыңдар.
Қарақұс балапандарының ұясы бар бәйтеректің суретін салыңдар.
ІІ Тапсырма.
Ертегі кейіпкерлеріне сипаттама жасаңдар.
Ертегіге сүйеніп кейіпкерлердің суретін салыңдар.
VІІ Үй тапсырмасын беру: «Ер Төстік» ертегісінің кейіпкерлеріне талдау жасау.
VІІІ Оқушыларды бағалау: оқушылардың ынтасына, сұраққа жауап бергеніне қарай білімдері бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |