Шыншыл ертегілер Қазақ ертегісінің ең көп тараған түрі. Шыншыл ертегілердің кейіпкелері – қарапайым еңбек адамдары. Хан, бай, молда шыншыл ертегілерде жағымсыз кейіпкерлер болып келеді. Бұл ертегілерде қатардағы адам мәселесі сөз болады. Адамның ақылы мен айласы жауыздықты жеңеді. Шыншыл ертегілерге «Аяз би», «қаңбақ шал», «Айлалы тазша», «Дүмше молда» және т.б. ертегілер жатады.
Қиял- ғажайып ертегілер Қиял-ғажайып ертегілердің оқиғасы қиялға, фантазияға құрылады, өмірде болмайтын нәрселер туралы баяндалады. Кейіпкерлері қиялдан туған жалмауыз, жезтырнақ, мыстан кемпір, алып дәу, жеті басты жылан, айдаһар және олармен күресетін батырлар болып келеді. Қиял-ғажайып ертегілер адамдардың арманы мен қиялын танытады, болашаққа деген сенімін білдіреді. Ертегі кейіпкері арманына жету үшін жолында кездескен барлық кедергілерді ақылымен, айласымен, достарының көмегімен жеңіп отырады. Қиял-ғажайып ертегілерге «Ер Төстік», «Алтын сақа», «Тас болған шаһар» және т.б. жатады
Анықтама бұрышы
Жанр Фабула Сюжет Образ, көркем образ (французша genre, латынша generіs — түр, тек) — өнердің барлық түрлерінде тарихи қалыптасқан іштей жіктелім жүйесі.
(лат.Fabula — аңыз, әңгіме, ертегі, мысал) — көркем шығармада суреттелген окиғаны рет-ретімен жүйелеу.
(фр.sujet - зат) - өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі.
шындықты танып-білуде әдебиет пен өнерге тән ерекше эстетикалық категория
Әдебиет жанрлары
Эпикалық жанрға жататын шығармалар: Лирикалық жанрға жататын шығармалар: Драмалық жанрға жататын шығармалар батырлар жыры, лиро-эпостық жырлар, ертегілер, аңыздар, эпопея, роман, хикаят (повесть), әңгіме, очерк, новелла, т.б.
арнау-өлең, баллада, өлең, сонет, рубаи, т.б.
трагедия, комедия, интермедия, скетч, пьеса, т.б