Сабақтың тақырыбы: Киім стильдері Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет1/3
Дата02.10.2023
өлшемі2,43 Mb.
#112508
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
№ 2 Киім стильдері (копия)


Бөлім: Киім. Сән.Талғам.

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:




Күні:







Сынып: 5

Қатысқандар



Қатыспағандар

Сабақтың тақырыбы:

Киім стильдері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.1.4.1. Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау.
5.4.2.1.Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта білу

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Мәтіннің негізгі ойын түсіну, ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау, үндестік заңдылықтарын білу;
Көпшілігі: Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау, мәтіндегі негізгі ойды анықтау, сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарын дұрыс қолдану;
Кейбір оқушылар: Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау, сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта білу.

Бағалау критерийлері:

  • Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжамдайды;

  • сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарын біледі;

  • талдау жұмыстарын жүргізеді.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Құндылықтарға баулу

Зайырлы қоғам және жоғары руханият(3-құндылық)

Алдыңғы оқу

Киім түрлері және сән туралы түсінік .

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

І Ұйымдастыру:
Оқушылардың сабаққа қатысуы тексеріледі.
Жағымды психологиялық ахуал.
Сабақ басында шаттық шеңберін құру «Жылы лебіз» тәсілі арқылы оқушылар жол, сапарға байланысты тілектер жолдайды
Қызығушылықты ояту.
Суреттерге қарап, сұхбат құрыңдар. Кім қай стильде киінген? Сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты болжаңыздар.

(оқушылар пікірі тыңдалады)
Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлерін анықтайды.
Тыңдалым алды тапсырма. Мәтінді оқып, негізгі ойды анықтаңдар
1. Мәтіндегі стиль түрлерінің қайсысы жаныңа жақын?
2. Сәнді аксессуарларға нелер жатады?
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер. Мәтіндіге негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді анықтаңдар.
Дескриптор:

  • Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;

  • Мәтіндіге негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді анықтайды.

ҚБ

Балалар жағымды ахуал қалыптастырады.

Суреттерге қарап, сұхбат құрыңдар. Кім қай стильде киінген? Сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты болжаңыздар.


Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықтайды.

Мәтінді оқып, негізгі ойды анықтаңдар


Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер. Мәтіндіге негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді анықтаңдар.



Қалыптастырушы бағалау
ҚБ «Сиқырлы таяқша»



Тапсырмаларды өте жақсы орындаған оқушыларға «Сиқырлы таяқша» беріледі.


5-сынып
«Қазақ тілі» оқулығы

Суреттер
(http://sabaq.kz /сән-туралы түсінік)





Сабақтың ортасы

Тыңдалым тапсырмасы.
ІІ. Мағынаны тану. Берілген тірек сөздер арқылы тақырыпқа болжам жасаңыз. Жасаған болжамыңыздың себебін түсіндіріңіз.
Тірек сөздер: Ұлттық нақыш, сән әлемі, фестиваль, дизайнер, сәнгер

1.Әйелдің бас киімі, оның отбасы жағдайына тигізетін әсері туралы не білесіз?
2.Киімде бүкіл ұлттың, халықтың болмысы жатады деген ойға өз көзқарасыңызды білдіріңіз?
3.Ақ түстің қазақ халқы үшін қандай қасиеті барын білесіз бе?
Дескриптор:

  • - тірек сөздер арқылы тақырыпты болжайды;

  • - болжамының себебін түсіндіреді.

  • - тірек сөздерді орынды қолданады;

  • - сұрақтарға дұрыс жауап береді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет