Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет25/147
Дата24.02.2022
өлшемі0,85 Mb.
#26321
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   147
Әдебиет теориясынан түсінік беру.

Тарихта болған әйгілі адамдар жайында немесе елдің, рудың шыққан тегі туралы не нақтылы бір жерде өткен оқиғалар жайлы тарихи шындыққа негізделген, бірақ уақыт өте келе, көркем шығармаға айналып кеткен әңгімені аңыз дейміз.

Аңыз белгілі бір адамның атына, іс- әрекетіне байланысты туады. Кейде аңыз – әңгімеде шындық оқиға мен қиял- ғажайып оқиға аралас келіп отырады. Аңыз – әңгіме көбінесе тарихта болған адамның басына құрылады. Ол адам не батыр, не ел басшысы немесе әділ би, ақыл – парасатымен ел құрметіне бөленген беделді адам болуы мүмкін. Бірақ ол адамдардың айтқан сөздері мен істеген іс – әрекеттеріне байланысты айтылған әуелгі шындыққа қоспалар қосып , сол істепті – міс, сол айтыпты – мыс деген әртүрлі лақап біртіндеп аңызға айналады. Оны әңгіме, жыр етіп, біреуден – біреу жаттап алып, кейінгі ұрпаққа жеткізіп отырған.

Қазақ аңыздарындағы Асан қайғы, Жиренше, Қорқыт, Жошы хан сияқты кейіпкерлер-бәрі де тарихта болған, ел басқарған адамдар, бірақ кейін олардың әрекеттері біреуден – біреуге ауызша айтылып аңыз болып кеткен.Мысалы:

Асан Қайғының Жернұйықты іздегені

Асан Қайғы Желмаяға мініп, жиһан кезіп «Жерұйық» дейтін ну орманды, көкорай шалғынды, сулы жер, қой үстінде бозторғай жұмытрқалайтын қоныс іздейді.

Асан қайғы Маңғыстауға үш барып үш қайтыпты. Асан шұрайлы қоныс, нулы өлке іздеумен өмір бойы Желмаясымен желіп өткен екен. Ұлытаудың бас жағына келіп дүние салыпты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет