V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу
Қарагөз ханым өлгеннен соң Жиренше үйленбей көп жүріпті. Сөйтіп жүргенде жолда бір жігіт кездесіп жолдас болыпты. Жиренше жігітке қара: 1) «жол қысқартайық»дейді, 2) «ағаш қазан қайнатайық» дейді. 3) «мынау бір бейбастақ үйдің жұрты екен» дейді жігіт үндемейді. Сонымен екеуі бір елге жақындағанда, жаңбыр жауып кетеді. Тезек теріп жүрген қыздар ауылға қарай жүріреді. Тек бір қыз сырт киімін шешіп, қапқа жауып отырып қалады. Жиренше отырып қалған қызға келеді. Жиреншеге қыздың көркі ұнайды. Ақылы қандай екен деп сынау үшін: «Сен неге қыздардан бөлініп жалғыз қалдың?» - дейді Жиренше. «Бұл өткінші жаңбыр, аз жауып ашылады. Мен отыныма шапанымды жаптым, отынымның ығына өзім отырдым. Менің су
болған жалғыз ақ шапаным. Үйге барғанда отынымды жағып шапанымды кептіріп аламын» - дейді қыз. Қыздың көркіне ақылы сай екеніне көзі жетіп, Жиренше сұлуға ғашық болып қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |