ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Қазақ әдебиеті екіге бөлінеді: біріншісі – ауыз әдебиеті, екіншісі – жазба әдебиет. Ауыз әдебиеті елдің жазу өнерін білмей жүрген кезінде шыққан сөз өнері. Жазу өнері болмаған соң, елдің тарихы, өмірі, тұрмысы, салты, туған жері, өнері, арманы әдемі мәнді әңгімелерімен айтылған. Ауыз әдебиетінің шығарушыларының аты – жөні бізге белгісіз. Олар басында ауызша шығарылған және бір ауыздан екінші ауызға көшіп, ауызша айтумен сақталған. Ескіліктен қалған ондай сұлу, дәмді сөздерді жалғыз адам ғана біліп қоймайды, жалпақ ел болып үйреніп, түгелімен есінде сақтайды. Ел болып кейінгілерге көркемдеп, әсерлі етіп айтып беріп отырады. Ауыз әдебиеті осылай пайда болады. Ауыз әдебиетінен елдің даналығын, танымын, тәлімін, мінез- құлқын түгел білеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |