Өткен сабақта сендер «Ерте келген тырналар» хикаятынан алынған үзіндімен таныстыңдар. Бұл шығармаға арқау болған - соғыс жылдарындағы еңкейген кәрі мен еңбектеген баланың аянбай еткен еңбегі, жеңіске қосқан үлесі.
Соғыс! Осы бір қасіретті сөзді естігенде, жаны ауырып, қабырғасы қайыспайтын пенде жоқ.
1418 күн мен түнге созылған қанды майдан қаншама қасірет әкелді?! Біздің бүгінгі шығарма кейіпкерлері де соғысқа өз үлесін қосқан жандар. Оларды еске түсірейік.
(Тақтаға шығармадағы кейіпкерлердің аты жазылады). Іңкәмал апай
Тінәлиев
Сұлтанмұрат
Анатай
Шекіш
Ергеш
Құбатқұл
Еркінбек
Бекбай.
Осы шығармада жиі айтылатын, шығарманың бел ортасында жүретін Сұлтанмұрат.демек шығарманың басты кейіпкері – Сұлтанмұрат. оқушы