Күкірт (IV) оксидін суда еріткенде, әлсіз екінегізді күкіртті қышқыл түзіледі:
SO2 + H2O = H2SO3 1) негіздік оксидпен әрекеттесіп тұз түзеді:
SO2+Na2O=Na2SO3 SO3+Na2O=Na2SO4 2) негізбен әрекеттескенде тұз және
су түзіледі:
SO2+2NaOH=Na2SO3+H2O
SO3+2NaOH=Na2SO4+H2O
SO2 зиянды микроағзалардан
көкөніс қоймаларын тазартады.
Күкіртті газды және күкіртті қышқылдың тұздарын жүннен тоқылған маталарды, қағазды, сабынды ағарту үшін қолданады.
Күкірт (VI) оксиді, күкірт ангидриді - SО3, ұшқыш, түссіз сұйықтық. SО3+17°С температурада қатты зат. Олар суда жақсы ериді, нәтижесінде күкірт қышқылы H2SО4 түзіледі, олай болса ол қышқылдық оксид.
Күкіртсутек –шіріген жұмыртқа йісті,түссіз газ.-60°с-та сұйық күйге ауысады.ал -86° с-та қатады.
Күкіртсутeк табиғатта жанартау атқылағандағы газдардың құрамында,емдік қасиеті бар минерал суларда кездеседі
Күкіртсутек өте улы,оның өте аз мөлшерімен тыныс алғанда адам есінен танып,тіпті өліп те кетуі мүмкін. Күкіртсутек тыныс алғанда гемоглобинмен байланысып,сал ауруын туғызады. Күкіртсутекпен уланған адамды тез арада таза ауаға шығару керек.
Қышқылды жаңбыр – атмосфералық жауын-шашын түрлері (оған қар да жатады). Жаңбыр құрамында
қышқылдың (pH<5,6) болатындығы ауа
құрамында өндіріс қалдықтары (мыс., SO2, NO2, HCl, т.б.) мөлшерінің көптігіне байланысты. Осындай жауын-шашын
түскен топырақ пен су айдындарының қышқылдығы артып, соның нәтижесінде
қоршаған ортаның экожүйесі
деградацияға ұшырайды. Атап айтқанда,
су айдындарындағы балықтар мен су жануарлары жаппай қырылып, топырақ
құнарсызданып, жеміс-жидек пен көкөніс
және орман ағаштары өспей, солып қалады.