Сабақтың тақырыбы Күні



Дата16.05.2023
өлшемі26,02 Kb.
#93725
түріСабақ
Байланысты:
Документ Microsoft Word (2)


Сабақтың тақырыбы

Күні:13.03.2023ж

Негізгі және туынды етістік туралы түсінік





Жалпы мақсаттары

Етістіктің негізгі түбір етістік және туынды түбір етістік түрлерін меңгерту.







Сілтеме

1.Қазақ тілі: Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбына арналған оқулық. Алматы «Атамұра» 2015 / С.Исаева, Ж.Дәулетбековна








Оқыту тәсілдері:

Диалогтық оқыту, СТО,топтық жұмыс







Оқу нәтижесі

Оқушылар негізгі етістік және туынды етістік туралы мәлімет алады. Негізгі түбір етістік, туынды түбір етістігін қолдана отырып, сөйлемдерді дұрыс құрай білуге дағдыланады. Айтылған пікірін тыңдай білуге, бірін-бірі бағалауға үйренеді.







Негізгі идеялар

*Ұйымшыл болуға үйренеді;


*Тапсырмалар мен жаттығуларды топпен жасауға дағдыланады;
*Сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді;
*Бірін-бірі бағалауға үйренеді;







Сабақтың көрнекілігі

Плакат, интерактивті тақта, суреттер, смайликтер, қоржын, үлестірмелі парақшалар, кеспе қағаздар т.б







Оқыту әдістері

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; Блум таксономиясы; Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану; сұрақ-жауап т.б







Кезең


Мұғалімнің іс-әрекеті


Оқушының іс-әрекеті


Білу

Етістік тұлғасына қарай екіге бөлінеді: 1) негізгі түбір етістік; 2) туынды түбір етістік.


Негізгі түбір етістік етістіктің өзінен жасалады: отыр, тұр, жүр, жатыр, оқы, кел, барды, жүгірді, жасаған, көрген.


Туынды етістік басқа сөз таптарына сөз тудырушы жұрнақ жалғану арқылы жасалады.

Туынды етістіктің жасалу жолдары

ЕСІМ СӨЗДЕР


ТУЫНДЫ ЕТІСТІК


Балта
Би


Бас

Үтік
Дамыл

Сән
Рух

Әдет
Көмек

Сыр
Пікір

Жиын
Орын

Жаман
Көк

Екеу

Балтала
Биле
Баста
Үтікте
Дамылда
Сәнде
Рухтан
Әдеттен
Көмектес
Сырлас
Пікірлес
Жина
Орна
Жаманда
Көгер
Екеуле




БАСҚА СӨЗ ТАПТАРЫ


ТУЫНДЫ ЕТІСТІК

Бұрқ
Күрк

Жымың
Күлім

Тасыр
Ілгері

Жоғары
Ақырын

Аз
Көп

Ауһау
Құрау

Уһ

Бұрқыра
Күркіре
Жымыңда
Күлімде
Тасырлат
Ілгеріле
Жоғарыла
Ақырындат
Азсын
Көпсін
Ауһаула
Құраула
Уһле



Негізгі етістік және туынды етістік туралы білімдерін кеңейтеді




Түсіну


21-жаттығу. Дәлелдеу үлгісі: Ақта-туынды, өйткені оның түбірі-ақ. «Ақ» сөзі сын есім, ал оған –та жұрнағы жалғанғанда қимылды білдіріп тұр. Сондықтан ол туынды етістік болады.
Ақта, күлімде, рухтан, сырлас, көмектес, тасырлат, жина, көгер, биле, ойна.


22-жаттығу. Сөздерді оқы: төр, арқан, ем, ара, сабын, бу, тіс.
  1. Берілген зат есімдерге –ла, -ле, -да, -де, -та, -те жұранақтарының тиістісін жалғап,туынды етістік жаса.


  2. Туынды етістіктерді жаз.


  3. Алғашқы үш сөзден жасаған туынды етістікті қатыстырып, үш сөйлем құра.


Жаттығу жұмысы. Теориядан алған білім-дерін практи-када қолдану.


Дәптермен жұмыс орындату.




Қолдану

Жаттығу арқылы ережеге көшеді.


Ережемен таныстырылады.


Етістік негізгі және туынды болып екіге бөлінеді.Түбір сөзден болған етістікті негізгі етістік дейді.Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалынған етістікті туынды етістік дейміз.
Етістіктен жасалған туынды етістік және зат есімнен жасалынған туынды етістікті талдайды.


«Ыстық орындық» стратегиясы

18-жаттығу


Екі бағандағы етістіктерді оқып,салыстырады.Етістіктерді сөз құрамына талдайды.Қай бағандағы етістіктердің түбірі зат есім екенін табады.
Келді-көздеді
Айтты-ойлады
Көрді -бастады
Көздеді-көз түбірі зат есім
Бір-біріне сұрақ қояды.


Талдау

Мақалды жатқа жазады.


«Өлең жолдарын толықтырып жаз»

Оқушылардың білімін анықтау үшін берілген тест

ІІІ топқа жеке беріледі.

19-жаттығу


Етістіктің астын сызады,қай түрі екенін анықтайды.
Ел үмітін ер ақтар,
Ер атағын ел сақтар.


Ітоп. Қара көзің мөлдіреп
Қызықтырмай қоймайды
Жібек жүнің үлбіреп
Қарасам көз тоймайды
ІІ топ.Бұлт ыдырап тарады.
Жел тез қуып барады.
Көк түтінді қақ жарып,
Күн күлімдеп қарады.


ІІІ топ
Жаңбыр кеп жауады,
Тамшылар тамады.
Жапырақ жылайды,
Жардан су құлайды.

І топ

1.Етістік нені білдіреді?
А)заттың атын білдіреді
Ә)заттың санын білдіреді
Б)заттың сынын білдіреді
В)заттың іс-қимылын білдіреді

2.Туынды зат есімді тап
А)асхана,терезе
Ә)домбыра,орындық
Б)ұшқыш,ғарышкер
В)кезекші,сынып

3.Заттың біреуге тән екенін білдіретін қосымшаны көрсет.
А)жұрнақ

Ә)көптік жалғау


Б)жалғау

В)тәуелдік жалғау



4.Мына сөздерге жалғанатын жалғауды тап.
Аудан,толқын,ақын,қауын
А)-тар
Ә)-тер

Б)-дар
В)-дер



5.Дара етістікті тап.
А)кел,айтып берді
Ә)гүлдеп тұр,келмеді
Б)көр,бер,шегеле
В)оқығыш келеді,тазала

ІІ топ

1.Күрделі етістікті тап.
А)зулады

Ә)сөйле,ойнап жүр


Б)әңгімелесіп отыр,бара жатыр
В)келмекпіз,басқарып тұр

2.Мына сөздерге жалғанатын жалғауды тап.
Бота,қозы,аға,тау
А)-лар
Ә)-лер

Б)-дар
В)-дер



3.Тәуелділік жалғауы бар сөзді тап.

Әупілдектің балапандары қомағай келеді.
А)әупілдектің
Ә)балапандары
Б)қомағай
В)келеді

4.Кім?сұрағына жауап беретін сөздерді тап.
А)арқар,күшік
Ә)ата,нағашы
Б)жілік,тігінші
В)Айнаш,кілем

5.Зат есім заттың несін білдіреді?
А)санын білдіреді
Ә)сынын білдіреді
Б)іс-қимылын білдіреді
В)атын білдіреді

ІІІ топ

1.Негізгі етістікті тап.
А)бер,қолда
Ә)баста,тазала
Б)тұр,бар,қал
В)жөнде,желбіре

2.Нелер?сұрағына жауап беретін сөздерді тап.
А)өнерпаздар,қауындар
Ә)бишілер,әндер
Б)қалалар,көпірлер
В)жүгерілер,сауыншылар

3.Туынды етістікті тап.
А)тұздады,оқы
Ә)қолда,ал
Б)сана,тағала
В)бағала,жүр

4.Зат есімнің көптік жалғауларын көрсет.
А)-ның,-нің,-дар,-дер,-ің,-іңіз
Ә)-ым,-ың,-лар,-лер,-дың,-дің
Б)-лар,-лер,-дар,-дер,-тар,-тер
В)-мың,-сың,-сіз,-тар,-тер

5.Не?сұрағына жауап беретін сөздерді тап.
А)іскер,дала
Ә)кірпіш,қарға
Б)шахтер,көпір
В)күрішші,көлшік


Жинақтау

Жаңа тақырып негізінде алған білімдерін жинақтау мақсатында төмендегідей тапсырмалар ұсынылады:


ВЕНН диаграмасын жасау (негізгі ж/е туынды етістік)

Негізгі етістік пен туынды етістікті екі бағанға теріп жазады.


Инсерт әдісі



Негізгі етістік Туынды етістік
Оқы төрле
Жүр ақылдас
Ал бейнеле
Кел ойлан
Бер ақта


Бағалау


Тапсырмалар орындау барысында жиналған фишка саны бойынша бағаланады.

Әрқайсысы фишкаларын санайды.





Рефлекция

«Екі жұлдыз,бір тілек»


Не үйрендім? Не білгім келеді? Келесі сабаққа ұсыныс пікірлер, талап-тілектер.





Үй тапсырмасы

Ережені жаттау.











Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет