Сабақтың тақырыбы: Көк аспан Оқу мақсаты: Оқу мақсаты



Дата13.04.2023
өлшемі1,53 Mb.
#82228
түріСабақ
Байланысты:
көк аспан

Бөлім. Аспан әлемінің құпиялары

Сабақтың тақырыбы:

Көк аспан

Оқу мақсаты:

Оқу мақсаты:

5.1.4.1 тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау;

5.3.4.1 эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу.

Сабақтың мақсаты:

Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды.

Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазады.

1 - тапсырма.

1 - тапсырма.

«Ойлан, жұптас, пікірлес»

https://www.youtube.com/watch?v=hYVnthEF3YA

 Берілген мәтіннен тірек сөздерді теріп жазыңыз.

  • Дискриптор
  • Мәтінді мұқият тыңдайды;
  • Тірек сөздерді теріп жазады.

Мәтінмен жұмыс


Құс жолы (немесе бас әріппен Галактика) — құрамына Күн жүйесі және көптеген жұлдыздар енетін алып аумақты спиральді галактика. Ол шамамен екі жүз миллиард жұлдыздан, сондай-ақ жұлдыз шоғыры мен тобынан, газ бен тозаң тұмандықтарынан және жұлдызаралық кеңістікке таралған жеке атомдар мен түйіршіктерден құралған. Құс жолы галактикасының барлық құраушылары кіші симметрия осінен айналатын, бірыңғай динамикалық жүйе болып байланысқан. Құс жолының жұлдыздық табиғатын тұңғыш рет 1610 жылы Галилео Галилей байқаған. Жердегі бақылаушыға аспандағы мыңдаған жеке жұлдыздар Құс жолы тәрізді көрінеді. Осыған байланысты біздің галактика Құс жолы жүйесі деп те аталады. Құрамына Күн енетін галактиканы басқа галактикалардан ажырату үшін, оны кейде «біздің галактика» деп те атайды. Кейде Галактика (бас әріппен) деп те жазылады.
Жердің ең жаңбырлы аймақтары – экватор маңындағы жағалаулар мен аралдар. Батыс Африканың кейбір аймақтары мен Бразилияның Амазонка өңірінде жаңбыр күнде жауады.
Жер тау жыныстарынан тұрады. Геологтар (жердің тау жыныстарының тарихын зерттейтін мамандар) Жерді қатпарланып жатқан алып сэндвичке ұқсатады. Олар тау жыныстарын зерттей отырып, Жердің қалыптасу тарихын зерттейді. Тау жыныстары бізді отынға арналған көмір және цемент дайындауға арналған әк сияқты материалдармен қамтамасыз етеді. Ол қатпарларда сондай-ақ ежелгі дәуірлерде өсіп-өнген жануарлар мен өсімдіктердің тасқа айналған қалдықтарының іздері бар.

 
Дескриптор

 
Білім алушы
- мәтіндегі негізгі ақпараттарға сүйеніп, сұрақ құрастырады.

Тапсырма
Берілген түпнұсқа мәтінді мұқият тыңдап,сұрақ құрастырыңыз. (3 сұрақ)
1.Егер саған сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаң,желкенді жасыл түске боя.
2.Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болсаң,желкенді сары түске боя.
3.Егер саған сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып,мұғалімнің көмегі қажет болса,желкенді қызыл түске боя.

Үйге тапсырма

Оқулықпен жұмыс



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет