Компьютерлік графика – компьютер көмегімен құрылған кескіндерді айтамыз. Компьютерлік графика әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы. Қазіргі компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша мынадай негізгі салаларға бөлінеді:ғылыми графика, іскерлік графика , конструкторлық графика , суреттеу графикасы (көркем графика), жарнамалық графика. Кескіндердің құрылу әдістеріне байланысты компьютерлік графика екі өлшемді және үш өлшемді графикаға бөлінеді.
Компьютерлік графиканың бірінші түрі – растрлық графика. Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет. Пайдаланушы тұрғысынан қарағанда оның мағынасы жеңіл қабылданады. Кішкене тастар көп болған сайын, әсіресе, егер оған алыстан қарасаңыз сурет анық алынады. Растрлық кескіндерде дәл мозаика сияқты. Тек шыны немесе пластмасса тастарының орнына пиксель алынады. Пиксель – монитор экранындағы кескіннің минимал элементі, әлбетте ол квадрат пішінді. Растрлық кескіннің сапасы кескіннің өлшеміне горизонталь және вертикаль бойынша пиксель саны және әрбір пиксель үшін беруге болатын түстер 16,256 және одан да көп түстер санына тәуелді. Растрлық кескін үлкеюге де, кішіреюге де сезімтал. Растрлық кескінді кішірейткенде көрші орналасқан бірнеше нүкте бір нүктеге тиүрленеді, сондықтан кескіннің ұсақ бөлшектерініңи айырмашылғы жойылады. Кескінді үлкейткенде әрбір нүктенің өлшемі үлкейіп, сатылы эффект пайда болады, оны оптикалық құралсыз көзбенде көруге болады. Растрлық графиканың артықшылықтары:
Сурет салу қарапайымдылығы және айқындылығы.
Масштабтау қажет болмаған жағдайда күрделі бейнені жылдам өңдеу мүмкіндігі.
Бейнені құру қарапайымдылығы – кез келген ұнаған бейнені сканерден өткізсе болғаны.
Бейнені оңай баспадан шығаруға болады.
Растрлық графиканың кемшіліктері:
Бейнені айналдырудағы және басқа да түрлендірудегі қиындықтар, себебі растрлық бейне бір тұтас объект түрінде беріледі.