Мақсаты:Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау:Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
№1-тапсырма Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқып түсіндіріп береді, жаттығуларды орындатады.
1-тапсырма.Мәтінді оқиды. Мәтіннің құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажыратады.
Мәтіннің қай стильде жазылғанын түсіндіреді. Стильдің қандай түрлері бар екенін еске түсіреді.
Мәтінінң болжау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін жазады.
Мәтіннен жалқы есімдерді тауып, оларды әліппи тәртіппен орналастырады.Мәтінде қармен жазылған сөздерге лексикалық талду жасайды.
Жазудағ,ы фонетикалық принцип бойынша ғылыми эссе жазады.
2- тапсырма. Тиісті тыныс белгілерін қойып, жалқы есімдерді қысқартып көшііп жазады.
Дескриптор: Жалпы - 3 балл. - Мәтінмен жұмыс жасайды.
8-сынып оқулығы
Жұмыс дәптерлері
і
№2-тапсырма Оқулықта берілген тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
3-тапсырма.Кім жылдам? 3 топқа бөліп күрделі, біріккен және тіркесті жалқы есімдерге он мысалдан айтады.
4- тапсырма.Оқулықта берілген сұрақтарға жауап береді.