Сабақтың тақырыбы Құлақтың құрылысы, естудің маңызы және гигиенасы


Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?



бет6/6
Дата25.01.2022
өлшемі113,9 Kb.
#24293
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1 Биология 8 ҚМЖ Есту мүшесінің құрылысы, естудің маңызы.

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Зертханалық жұмысты орындау дағдылары арқылы

Сұрақтарға жауап берулері арқылы

Дыбыстың өту жолының сызбасын құрулары арқылы

Сызба немесе модель бойынша құлақтың құрылыс бөліктері мен олардың атқаратын қызметтері арасындағы байланысты орнату арқылы

Суреттермен бейнематериалды қолданып түсіндірме берулері арқылы



Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Зертханалық жұмыс жасау кезінде абай болу.

Оқушылар зертханалық жұмыс орындағанда орын ауыстыра отырып қозғалыс жасайды.

Оқушылардың сабақ барысында қауіпсіздігінің сақталуына мұғалім көңіл бөліп, қажет болған жағдайда ескертеді.

Білім алушылардың оқу жетістігіңде бағалау түрлерінің орындалуы туралы

Анықтама
Мақсаты:География ,биология сабағында 5-8 сынып оқушыларының бағалауда критериалды бағалаудың енгізілуін анықтау
Мерзімі. наурыз

Формасы.1Сабаққа катысу

2 Тақырыптық сұхбат
Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің(Роберт Юждин Глейзер енгізген ұғым,1963) нақты жиынтығының көмегімен өлшенеді. Бұл нормаға негізделген бағалаудан өзгеше. Нормаға негізделген бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі олардың сыныптастарының үлгерімімен салыстырылып қойылады.

Оқушылардың пән бойынша оқу жетістіктері екі тәсілмен бағаланады:

қалыптастырушы бағалау (ҚБ) және жиынтық бағалау (ЖБ).

Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде жүреді. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты камтамасыз етеді, балл не баға қоймастан-ақ оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Мұғалімдер оны оқушылардың жетістіктерін өлшеп, алдағы сабақтарын жоспарлау үшін қолданады.

Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін/ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған соң оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі.

Қалыптастырушы және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады, алайда бағалау тәсілдері пәннің мазмұны мен ерекшеліктеріне байланысты ерекшеленуі мүмкін. Мұғалімдер қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың нәтижелерін оқушыларымен арадағы кері байланыс үшін және оқу үдерісінің барысында ата-аналарға ақпарат беру үшін пайдаланады.



  • Оқу мақсаттарын, бағалау критерийлерін анықтау, оқушыларға ұсыну;

  • оқушының қай деңгейге жеткенін дәлелдеуге көмектесетін бірлескен (коллаборативті) оқытуға арналған орта құру;

  • Оқушыларды дамытуға жағдай жасайтын сындарлы кері байланысты камтамасыз ету;

  • оқушыларды бірін-бірі бірлесе оқытудың сапалы көзі ретінде катыстыру;

  • оқушыларға өзінің оқуын «құрушылар/жасаушылар» ретінде жағдай жасау болып табылады.

Тиімді оқыту және оқу мақсатында оқушылардың түсіну деңгейін анықтау үшін олардың оқу мақсаттарына жеткендігінің немесе алға ілгерілеуінің деңгейі қадағалануы тиіс, Мұғалімнің іс-әрекетідегі қалыптастырушы бағалау үдерісі келесі кезеңдерді жүзеге асыруды талап етеді:

  • қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және жоспарлау;

  • қалыптастырушы бағалау әдістерін таңдау;

  • қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау;

  • кері байланыс беру..



Қорытынды:
Сабағымызда критерийлер арқылы бағалай отырып, оқушыларды білімді

тұлға ретінде қалыптастырып,білімдерін өмірде қолдана алатын ұрпақ

тәрбиелеуіміз қажет, бұл мұғалімнің еңбегінің жемісі деп ойлаймын,

Бағалау арқылы өз білімінің жемісін біледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет