Сабақтың тақырыбы Ұлы Жібек жолының пайда болуы және оның қызметі Тақырып жоспары



Дата16.05.2023
өлшемі0,68 Mb.
#93533
түріСабақ
Байланысты:
жібек жолы


Сабақтың тақырыбы

Ұлы Жібек жолының пайда болуы және оның қызметі
Тақырып жоспары:
1. Ұлы Жібек жолының қалыптасуы
2. Шығыс пен Батысты байланыстыратын ұлы жол
3. Ұлы Жібек жолының тармақтары
Ұлы Жібек жолының тарихы
Осынау тарихи жолдың жібек саудасына байланысты «Жібек жолы» атанғаны түсінікті. Ал, «ұлы» сөзінің оған қосылуы жолдың кең-байтақ Шығыс өлкелерімен Батыс өлкелерін байланыстырып жатуынан.Сондықтан да бұл жол «Ұлы Жібек жолы» болып тарихқа енді. Бұл жолдың пайда болу тарихы тым тереңде жатыр. Бұл жолдағы алғашқы және басты тауар жібекке байланысты көптеген деректер кездеседі. Қытай жазба деректерінде б.з.б. II-I ғасырларда Үйсін мемлекеті мен Қытайдың арасында жасалған саудада қымбат тауар жібек болған. Батыс Түрік қағанымен кездескен будда діндары Сюань-Цзянь қаған мен оның айналасындағы ақсүйектер жібек шапан кигендері жайлы айтылды.




Ұлы Жібек жолының қалыптасуы
Жібек жолы б.з.б II ғасырдың ортасында аса ірі сауда және дипломатиялық жол ретінде белгілі болды. Қытай елінің императоры У-Ди 138 жылы Батыс елдеріне қарай аттандырған Чжан-Цзян бастаған елшілік еліне 13 жылдан кейін оралған. Осыдан кейін б.з.б I ғасырдың ортасында Қытайдан Қазақстан мен Орта Азияарқылы Батыс елдеріне жібек артқан керуендер жолға шығады. Ал Батыстан, Жерорта теңізі аумағынан Қытайға қарай тауар тиеген керуендер, түрлі елшіліктер жүре бастайды.

Ұлы Жібек жолы


Ұлы Жібек жолы Қытайдан бастау алады
Шығыс пен Батысты байланыстыратын ұлы жол
Жібек жолының Батыс пен Шығысты жан-жақты байланыстырған қатынас жолы екенін жоғарыда айттық. Жібек жолы шығыстағы Қытай елінен, нақтырақ айтқанда Хуанхэ өзенінің бойынан басталады. Орта Азия мен Қазақстан жеріне келгеннен кейін Жібек жолы бірнеше тармаққа бөлінеді.
Ұлы Жібек жолының тармақтары
Ұлы Жібек жолының екі тармағы
Солтүстік бағыт Оңтүстік бағы
Оңтүстік Қазақстан ,Испиджаб қаласына Фенғана, Самарқан,
келіп және екі тармаққа бөлінген. Ирак,Сирия, Иран,
1.Орта Азия елдері мен Жерорта
2. Түркістан арқылы теңізіне шыққан.
Сырдарияның төменгі
ағысымен батыс Қазақстанға шығып,
Қара теңіздің солтүстік-шығыс жағынан
айналып,Еуропаға қарай өткен.
Жібек жолының негізгі валютасы жібек
  • Б.з.б. I ғасырдың ортасында осы жолмен алғаш рет Қытайдан Батыс елдеріне қарай көп көлемде жібек артқан керуендер шыққан.
  • Сол кезден бастап тауар жібек болған.
  • Жібек саудада алтынмен құны бірдей халықаралық валюта рөлін атқарған.
  • Бір қызығы жібекті өндіру тәсілін Қытай елі біраз уақытқа дейін құпия сақтаған.
  • Қытай елімен бірге жібек өндіру Византия мен Соғды елдерінде де өндірілген.
  • Соғды елі жібек өндіруден Қытаймен бәсекеге түскен.
  • Дегенмен Жібек жолындағы басты тауар болғанымен осы жолмен айналымда жүретін тауарлардың түрі жалғыз жібекпен шектеліп қалмағаны белгілі.

  • Батыстан, Ресейден,Таяу Шығыстан және Византиядан шығысқа хош иісті заттар тауарлар тасылған. Тауарлардың түрі өте көп болған.

Жібек матасы және оған салынған суреттер
Жібек жолының тауарлары
Тауарлар
  • Хош иісті заттар • Бояу
  • Мускат • Минералдық

  • • Кілем шикізаттар
    • Піл сүйегі • Алмаз
  • Түрлі маталар • Алтын және

  • • Көкөністер күміс бұйымдар
  • Кашемир • Аң терілері • Түрлі қару-жарақ •Жеміс-жидектер

Шығыс халықтарының, парсы жұртының кілемдері де Ұлы Жібек жолымен әлемге тараған
Шығыс жұртының тәттілері мен жеміс-жидектері, көкөністері, дәмдеуіштері батыс
жұртының жүрегін жаулап алды
Ұлы Жібек жолында сатылған бау-бақша өнімдері
Керуендер Қытайдан Римге дейін
7000 шақырым жол жүрген жеген аңыз бар

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет