Сабақтың тақырыбы: Линза. Линзаның оптикалық күші. Линзадан кескін алу. Жұқа линзаның формуласы Сабақтың мақсаты



Дата25.05.2023
өлшемі19,25 Kb.
#97096
түріСабақ
Байланысты:
"Линза.Линзаның оптикалық күші" 8 сынып


Сабақ жоспары Күні: 19.04.2016 ж Пән: Физика Сынып: 8 «А» Сабақтың тақырыбы: Линза. Линзаның оптикалық күші. Линзадан кескін алу. Жұқа линзаның формуласы
Сабақтың мақсаты:
1.Линза, линза түрлермен таныстыру.Линзаның оптикалық күшін, жұқа линзаның формуласын анықтау. Линзада кескін алу қаблеттерін қалыптастыру.
2. Жауапкершілікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке, топпен жұмыс істеуге, сыйластыққа тәрбиелеу.
3. Ғылыми көзқарастарын, ой-өрістерін. Ойлау , есеп шығару қаблеттерін дамыту.
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1.Жарық. Жарық көздері.
2. Жарық заңдары.
ІІІ. Жаңа сабақ
Презентация көрсетіліп сабақ түсіндіріледі.
Линзалар деп екі сфералық бетпен шектелген мөлдір шыны денені айтады.
Линза түрлері: дөңес - жинағыш, ойыс – шашыратқыш.
F- фокустық қашықтық
d- нәрседен линзаға дейінгі қашықтық
f- линзадан кескінге дейінгі қашықтық
D- оптикалық күш
D=1/F – оптикалық күш
1/d+1/f=1/F
1/d+1/f=D – жұқа линзаның формуласы
Сұрақтар:
Линзалар дегеніміз не? Түрлері.
Линза фокусы, оптикалық ось дегеніміз не?
Оптикалық күш формуласы.
Жұқа линзаның формуласы.
ІV.3- топқа каточка арқылы эксперименттік тапсырма беріледі.
Тапсырма: Жинағыш линзаның фокустық арақашықтығы мен оптикалық күшін анықтау
Құрал-жабдықтар: жинағыш линза, сызғыш, экран, жарық көзі(шам).
Жұмысты барысы:
Жарық көзін, линзаны, экранды бір түзудің бойына орналастырыңдар.
Жарық көзімен линзаны экранда жарық көзінің анық кескіні шыққанша қозғаңдар.
Экранда үлкейтілген кескінін алыңдар.
Жарық көзінен линзаға дейінгі қашықтықты d-өлшеңдер.
Линзадан экранға дейінгі қашықтықты f-өлшеңдер.
Кестені толтырыңдар.
Кескіннің түрі
d, см f,см D, дптр
Үлкейтілген
Кішірейтілген
Тең
Линзаның D- оптикалық күшін формуласы бойынша есптеңдер.
Қорытынды жасаңдар
ІV.Сабақты қорытындылау.
Бүгінгі сабақтан не білдің, не үрендің? Қолданылуы. V. Бағалау
VІ. Үйге тапсырма
§70-72 оқу Тест 1.Линзаның фокусы арқылы өтетін сәуле линзадан соң қалай жүреді?
А) сынбай
В) бас оптикалық оське параллель
С) линзаның басқа фокусы арқылы
Д) анықталмайды
Е) Жауаптар арасында дұрысы жоқ
2.Оптикалық оське параллель болатын сәуле жинағыш линзадан өткен соң қалай жүреді?
А) линзаның бас фокусы арқылы
В) сынбай
С) екі фокус аралығындай қашықтықтағы нүкте арқылы
Д) анықталмайды
Е) Жауаптар арасында дұрысы жоқ
3.Шашыратқыш линза беретін кескін қандай?
А) тек нақты кескін
В) денеге дейінгі қашықтыққа байланысты нақты не жалған кескін
С) тек жалған кескін
Д) қоршаған ортаға байланысты нақты не жалған кескін
Е) Жауаптар арасында дұрысы жоқ
4.Фокус аралығы 20 см шашыратқыш линзаның оптикалық күшінің абсолют мәні нешеге тең?
А) 0,2 дптр
В) 20 дптр
С) 5 дптр
Д) 0,05 дптр
Е) 2 дптр 5.Линзаның оптикалық күші 2 дптр. Линзаның фокус аралығы неге тең?
А) 0,5 см
В) 2 см
С) 20см
Д) 2 м
Е) 0,5м 6.Линзаның оптикалық күші 4 дптр. Линзаның фокус аралығы неге тең?
А) 0,25 см
В) 2 см
С) 20см
Д) 4 м
Е) 0,5м
7.Линзаның фокус аралығы 20 см. Денеден линзаға дейінгі қашықтық 40 см. Кескін қайда болады?
А) 40 см
В) 20 см
С) 13,2см
Д) 6,4см
Е) 36,2см
8.Жинағыш линзаның көмегімен жарқырайтын нүктенің кескіні алынған. Егер d=0,5м , f=1 м болса, линзаның фокус аралығы қандай болады?
А) 0,33м
В) 0,5 м
С) 1,5м
Д) 3м
Е) 2,5м
9.Жинағыш линзаның көмегімен жарқырайтын нүктенің кескіні алынған. Егер d=0,5м , f=2 м болса, линзаның фокус аралығы қандай болады?
А) 0,4м
В) 0,5 м
С) 1,5м
Д) 3м
Е) 0,8м 10.Жинағыш линзаның көмегімен жарқырайтын нүктенің кескіні алынған. Егер d=1м f=2 м болса, линзаның фокус аралығы қандай болады?
А) 0,4м
В) 3/2 м
С) 1,5м
Д) 2/3м
Е) 0,8м
Жауап кілттері:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

в

а

с

с

е

а

а

а

а

д

Тексерілді: ___________

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет