(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Теңеу, эпитет, кейіптеу дегеніміз не?
Поэмада ақын аққуды қалай кейіптейді?
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.