Мақсаты:Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау:Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
1-тапсырма: М. Әуезовтің өмірбаянын айтып береді.
Оқылым және айтылым. Оқулықта берілген Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы жайлы мәліметтерді оқиды. Түсінгенің мазмұндайды. Тапсырманы орындау барысында оқушының оқылым және айтылым қабілеті дамиды.
Дескриптор: Жалпы - 3 балл. -Өмірбаянды оқиды.
- Ондағы басты оқиғалар мен негізгі ойды анықтайды.
-Түсінгенің қорытындылайды және мазмұндайды.
Оқулық, жұмыс дәптерлері
2-тапсырма: Жазушының тырнақалды туындыларын атайды.
Жазушының өмірі мен шығармашылы жайлы оқып, оның басты туындылары жайлы айтады.
Дескриптор: Жалпы – 4 балл. -Өмәрбаянды оқиды.
- Оқылым мәтіні бойынша керек мәліметтерді анықтайды.
- Жазушының тырнақалды туындыларын атайды.