жүктеу/скачать 4,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:

Сабақтың тақырыбы М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы 1



бет4/15
Дата10.12.2023
өлшемі4,82 Mb.
#135658
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
8-класс қазақ әдебиеті ҚМЖ 3-тоқсан

Қамажай. ... Олар әлі жоқ...қайтеміз, тойды өзіміз өткіземіз де. Бүгін көңілденетін күн еді, ән салатын күн еді. Амал бар ма!...
Әйел. Ойбай-ау, саған не болған?! Қазір бәрі жиналады...
Қамажай. ...Өзіміз-ақ, өткіземіз. Өзіміз-ақ! Олардың қолдары тимейді. Өзіміз-ақ... өзіміз-ақ!




Дескриптор:
-прологте айтылған ойды анықтайды
-эпилогте айтылған ойды анықтайды.

3-тапсырма.
Автор осы үзіндіде қандай қасиетке ерекше мән береді? Драманың өн бойынан аңғарылатын автор позициясына талдау жасаңыз

Үйдегі төртеуі азамат болмай,мен өз басымның қамын ойлауға хақым жоқ. Өз жөнін тауып, әке кетті, талқаны тауысылып , шеше байғұс арманда ол кетті. Тағдырдың соққысынан есеңгіреген естерін енді жинап, көкіректерінен қайғы ұмытп бола бастағанда «Не болсаң ,ол бол» деп өзө жөнімен мен кетсем, олардың күні не болмақ? Жо-жоқ, Қабен. Кешір мені . Бақытыңа кедергі болғым келмейді.Сенің жолың басқа. Інілерімнің біреуі шығып қалса, ұят болады. Сау бол. Таңертең ерте жұмысқа баруым керек.


Дескриптор:
- үзіндідегі қасиеттерді анықтайды;
- автор позициясын талдайды.

4-тапсырма
«Бір минуттық эссе»


Мені таңғалдырғаны...
Мені ойландырды...
Мені уайымдатты..

Сюжеттік желілерін анықтап, тақырып қояды

Өзіңді тексер!

Пролог – көркем шығарманың оқиға мазмұны мен мәнін оқырманға таныстыратын кіріспе бөлімі. Ол – шығарма идеясын дұрыс түсіндіру.
Автор Қабен мен Қамажайдың монологы арқылы оқырманға түйінді ой тастайды. Қамажайдың алдына екі таңдау қояды. Не бауырлары, не сүйіктісі. Шығарманың прологі оқырманды еріксіз қызықтырып, басты кейіпкер Қамажайдың таңдауын білгенше асықтырады


Өзіңді тексер!

Эпилог – көркем шығарманы қорытындылап, негізгі оқиға желісінен бөлек тұрса да авторлық идеяны толықтыра түсіп, шығарманың басты кейіпкерлері жайында қысқаша мәлімет береді, олардың кейінгі іс-әрекеттерінің жалғасын көрсетеді.
Бұл күн Қамажайдың отбасы үшін қуанышты күн еді. Қамажай осы мерекеге барлық отбасының басы қосылғанын қалады. Әйтсе де үзіндіден оқып көргеніміздей, барлық нәрсе біз күткендей бола бермейді. Шығарманың негізгі түйіні де бауырларын бақытты етсем деген әпкенің тілегі мен өз бақытын құрбан етуін көрсету және шығарма соңында жалғыз қалған Қамажай бейнесі арқылы басқаларға ой салу



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет