ҚБ: Өзін-өзі бағалау
|
Шығарманың пафосы мен иедясын анықтайды
Ұлттық мүдде тұрғысынан талдайды
Басты кейіпкерлерді сәйкестендіреді
|
Дескриптор:
-идеясын анықтайды;
-пафосын табады
-тақырыбын жазады.
3 балл
Десриптор:
Шығарма пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан талдайды
3 балл
Дескриптор:
-кейіпкерлерді сәйкестендіреді
4 балл
|
Интерактивті тақта
|
Сабақтың соңы
|
Үйге тапсырма: мазмұнын айту
|
Сабаққа кері байланыс береді
|
1-10 балл аралығында бағалау
|
Кері байланыс-қа арналған суреттер
|
Бекітілді:
Бөлім:
|
Махаббат және абырой
|
Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)
|
Ермекова Гулназира Кенжесовна
|
Күні: 10.02.2023 ж.
|
Пәні: қазақ әдебиеті
|
Сынып: 8 «А»
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Б. Момышұлы «Ұшқан ұя» әңгімесі 5
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
8.3.3.1 шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу;
|
Сабақтың мақсаты
|
«Ұшқан ұя» шығармасының көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазады.
|
Құндылықтарға баулу
|
Адамгершілік қасиеттерге баулу
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурс-тар
|
Сабақтың басы
|
Оқушылармен амандасу
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау
|
Мұғаліммен амандасады
Үй тапсырмасын айтады
|
Ауызша мадақтау
|
|
Сабақтың ортасы
|
1-тапсырма.
Шығармада ұлттық тәрбие арқылы әке тәрбиесі қалай көрініс тапқан?
Дала философиясында ер баланы тәрбиелеуде әкенің рөлі ерекше болған. Повестің өн бойынан аңғарылатын автор позициясы да осы қастерлі ұғымды үнемі алға ұстайды. Әкесінің баласын үлкенді сыйлау, сәлем беру дағдысына қалай тәрбиелегені шығармада шынайы көрініс тапқан. Үлкендерге амандасу рәсімін меңгерту нәтижесінде олардың аузынан бала Бауыржанға «жақсы азамат, жігіт болып қалыпты» деген көтерме баға берудің өзі тек жақсы болуға жетелеу екенін танытады.
Әкесінің бала Бауыржанға шежіре жаттатқызуы да - тамыры терең тәрбие құндылығы.
2-тапсырма. «Төрт сөйлем» тәсілімен ой тұжырымда.»
«Дәстүрді сыйламайтын балалардың өсіп келе жатқанынан қорқамын...» дейді Бауыржан. Сендер қалай ойлайсыңдар, не себепті Бауыржан атамыз қорықты?
Өзіңді тексер!
Менің ойымша, Бауыржан тәрбие бастауы тал бесікте екеніне көңіл бөледі, себебі Бауыржанның қалыптасуына әсер еткен - ұшқан ұясы. Оның сезімтал, елгезек болып өсуіне әже тәрбиесі ықпал еткен.
Оны мен жазушының: «бесікте жатқанда құлағына анасының әлди әні сіңбеген баланың көкірегі кейін керең боп қалмаса деп қорқамын» деген сөздерімен дәлелдеймін. Қорыта келе, жазушы көненің көзіндей болған ұлттық құндылықтарымызды насихаттай білді.
Эссе
Эссе – бұл еркін композицияға құрылған, көлемі шағын
прозалық шығарма. Нақты бір мәселеге байланысты адамның жеке әсерін, түсінігін және ой толғанысын бейнелейді.
Эссе жазудың талаптары
Реттілікті сақтай отырып жоспарлаңыз.
Кіріспе бөлімін жазыңыз, тезис ойлап табыңыз.
Негізгі бөлімді бірнеше абзацқа бөліңіз.
Дәлелдерді, ақпараттарды жинаңыз.
Қорытынды бөлімін жазыңыз.
Жазғаныңызды оқыңыз, қателеріңізді түзетіңіз.
Тақырыптан ауытқымаңыз
Эссенің құрылымдық бөлімдері
Кіріспе. Тақырыптың негізгі мәні мен негіздемесі тезис түрінде көрсетіледі.
Негізгі бөлім. Тақырыпты дамыту, фактілер, идея, ақпараттар,сұрақтар қою, т.б. қолданып, дәлелдеу (аргументтеу)
Қорытынды. Жалпылау мен аргументтеріңіздің логикалық қорытындысы.
3-тапсырма. Эссе
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» (90-100 сөз).
Өзіңді тексер!
Отбасының бала тәрбиесінде алар орны ерекше, баланың қалыптасуы отбасынан бастау алады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ата мен ананың тәрбиесі қатар жүрген жерде жақсы азамат қалыптасатыны сөзсіз. Бауыржан Момышұлы өз шығармасында «Отбасының өнегесі – Отан өнегесі» деп, ұл баланың да, қыз баланың да тәрбиесі тал бесіктен басталатындығын насихаттайды. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ. Отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай.
Қорыта айтқанда, Отанның бір бөлшегі – отбасыңа ештеңе де жетпейді! Өйткені отбасы – табиғаттың әр адамға сыйлаған керемет бір сыйы! Соны мәңгі есте сақтап, ұмытпаған жөн!
Қорытынды:
Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұяда» ата-баба шежіресі, жан-жануарлар болмысы, әлемнің пайда болуы, тірлік, өмір туралы алғашқы мағлұматтарды, аңыз-әңгімелерді әжесінен естігенін үлкен сүйіспеншілік сезімімен есіне алған, сондай-ақ ненің жақсы, ненің жаман екенін, нені сүйіп, неден аулақ жүруді әжесінен үйренгенін мақтан етеді. Автор бата беру дәстүрінің үлкен рухани мәнін ашып көрсетеді. Ұлтымыздың біртуар тұлғасы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі қай жағынан алып қарасақ та, бүгінгі жас ұрпақ үшін құнды шығарма. Мұнда елдік намыс та, ұлттық тәрбие де, отаншылдық өнегелік істер де бар. «Ұшқан ұя» - өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелейтін туынды
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |