Сабақтың басы
|
Оқушылармен амандау
Үй тапсырмасын сұрау
«Бір минут» әдісі:
Ел аузында жүрген ақын, сөзге шешен Жамал, ақылына көркі сай сұлу Жамал неге бақытсыз болды?
Жазушы неге оны бақытсыз етіп суреттеді деп ойлайсыңдар?
Ғали сауатты бола тұра, неліктен саудамен айналысып кетті деп ойлайсыңдар?
Ғали өз бақыты үшін қаншалықты күресе алды?
Қазақ және әлем әдебиетінде осы тектес қандай шығармаларды білесің?
Міржақып Дулатовтың «Алаш маршы» туындысының құндылығы неде?
Махаббат жолындағы күресті әлеуметтік теңсіздік үшін күрес қарастыруға бола ма? Шығарма оқырманға қандай ой тастайды?
Қазақтың алғашқы романы туралы не білесіз?
Роман жанрлық тұрғыдан қалай ерекшеленеді?
«Жамал – өз тағдыры үшін күресуге дайын, сауатты, саналы қыз» деген тұжырыммен келісесіз бе? Неге?
Жамал бейнесі арқылы жазушы нені көрсетуді көздейді?
|
Мұғаліммен амандасады
Үй тапсырмасын айтады
|
Дескриптор:
-мазмұнын айтады;
-сұрақтарға жауап береді;
|
|
Сабақтың ортасы
|
1-тапсырма
«Сюжеттік кесте»
Кім?
|
Не?
|
Қашан?
|
Қайда?
|
Неге?
|
|
|
|
|
|
ҚБ: Мадақтау
2-тапсырма.
Маған қатты әсер етті
|
себебі ..............................................................................................................................................
|
Мені таңғалдырды
|
себебі ..............................................................................................................................................
|
ҚБ: Өзара бағалау
2-тапсырма. «Проблемалық- жағдаяттық сұрақ» әдісі
«Бақытсыз Жамал» романы бойынша қайғымен аяқталған оқиғаны қайта өңдеп, өз ойыңызды креативті жазыңыз.
Ескілік көлеңкесіндегі психологияға шырмалған халық пен ата-ана. Ескілік шымылдығына тұмшаланған халық арасында жап-жарық жұлдыздай дараланған алдыңғы қатарлы Жамал мен Ғали. Сіз олардың жанашырысыз, оларға қолдау көрсетіп, арашалау үшін күш саласыз. Байжан сияқты алпауытпен тартысқа түсіп, екі жасты бақытты ету мүмкін бе? Жазушы болсаңыз, кейіпкеріңізге бақытқа жетудің қандай жолын ұсынар едіңіз немесе шығарманы қалай аяқтар едіңіз?
ҚБ: Мұғалімнің бағалауы
|
Оқушылар шығарманы оқиға желісі бойынша «сюжеттік кестені» қолдана отырып талдайды.
Шығарма бөлшектерін талдау кезіндегі өзіне айрықша әсер еткен тұстары бойынша шығармаға баға беріп, кестені толтырады.
«Бақытсыз Жамал» романы бойынша қайғымен аяқталған оқиғаны қайта өңдеп, өз ойын креативті жазады
|
Дескриптор:
-оқиға желісін еске түсіреді;
-сюжеттік кестені толтырады.
2 балл
Дескриптор:
-шығарманың қатты әсер еткен тұсын жазады;
-таңғалдырған оқиғаны жазады;
-себебін дәлелдейді.
3 балл
Дескриптор:
-Оқиғаны қайта өңдейді;
-өз ойын жазады;
-сауатты жазады
3 балл
|
|