8.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу;
Сабақтың мақсаты
Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктейді
Құндылықтарға баулу
Қазақстандық патриотизм
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақ-тың басы
Оқушылармен амандау
Үй тапсырмасын сұрау
Мұғаліммен амандасады
Үй тапсырмасын айтады
Дескриптор: -мазмұнын айтады;
-сұрақтарға жауап береді; 2 балл
Сабақтың ортасы
Тура және жанама мінездеу дегеніміз не?
Жазушы кейіпкердің сыртқы портретімен қатар ішкі портретін, яғни мінез-құлқын, наным-сенімін, дүниеге көзқарасын суреттейді. Әдебиетте мұны мінездеу дейді. Тек мінездеу жағына ғана назар аударатын болсақ, осының өзін жазушы әртүрлі тәсілмен жасайды. Бірі-тура мінездеу,тағы бір тәсіл-жанама мінездеу. Тура мінездеу кейіпкердің мінез-құлқын айнытпай, сол қалпында баяндайды. Жанама мінездеу оған қатысты құбылыстар мен заттарды суреттеу арқылы қаhарман бейнесін ашып көрсетеді.
Алдымен шығарма кейіпкерлеріне тоқталайық.
1-тапсырма. Шығарма кейіпкерлерін топтастыру.
Байжан
Сәрсенбай Ғали
Шолпан Жамал Жұман таз
2-тапсырма. Сәйкестендіру. Үзіндідегі кейіпкерлер бейнесінің тура немесе жанама мінездеуге сәйкестігін анықтаңыз
Үзінді
Тура
Жанама
1 Бұл жігіт орта бойлы,қияпатты, бетінде азырақ қорасан дағы
бар,жаңа мұрт шығып келе жатқан, ноғайшалау
Ғали есімді бір зат еді.
2 Бір Алла болсын өзі жалғыз айғақ,
Тұрарлық уағданы бекем байлап.
Сен үшін бір басымды еттім құрбан,
Шынжырлап жіберсе де Сібірге айдап.
3 Енді тәуекел деп, атыңызды бір шығарып қалсаңыз қайтер екен?
Міне, сайлауға да үш ай қалды. Кѳп болса, үш жүз теңге шығар.
Сіз мақұл кѳрсеңіз, біз ѳзімізге қараған Құрман болып билікке
сайлағымыз келеді, халық сѳзді бір сапарға қалай тастап кете қояр
екен деп ойлаймын. Сәрсенбай біраздан соң: «Ѳздерің біліңдер», - депжауап қайтарды.
4 - Жамалды ѳзінің теңіне береміз. Байжанның баласы жаман дейді,атасының байлығы не керек. Екі дүниеде Жамалдың обалы саған болсын,би болмақ тұрсын, патша болатын болсаң да Жамалды неғып сондай жаманға
қиып бермекші боласың?
3-тапсырма Жамалдың мінезіне байланысты берілген анықтамаларды дәлелдеу үшін шығармадан үзінділерді тауып жазу
Мінез
Шығарма-дан үзінді
Менің ойымша...
Мақсаты
Зерек, оқуға бейім
Ақылды
Ақын
Тура және жанама мінездеу туралы ақпарат алады
Шығарма кейіпкерлерін топтастырады Тура және жанама мінездеуді ажыратады
Жамалдың мінезіне байланысты берілген анықтамаларды дәлелдеу үшін шығармадан үзінділерді тауып жазады
Дескриптор:
-кейіпкерлерді топтастырады 1 балл
Дескриптор:
-кейіпкер бейнесінің тура немесе жанама екенін анықтайды; 4 балл
Дескриптор:
-зерек екенін анықтайды;
-ақылды екенін табады;
-ақын екенін дәлелдейді 3 балл
Тарат-па материалдары
Сабақтың соңы
Үйге тапсырма: 7
Сабаққа кері байланыс береді
1-10 балл аралығында бағалау
Кері байланыс-қа арналған суреттер
Бөлім:
Махаббат және абырой
Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)
Ермекова Гулназира Кенжесовна
Күні: 9.01.2023 ж
Пәні: қазақ әдебиеті
Сынып: 8 «А»
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы
М. Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы 1
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
8.1.2.1 әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу;
8.2.2.1 автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау
шығарманың пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан талдайды;
автор бейнесі мен кейіпкердің қарым-қатынасының тілдік көрінісіне талдау жасайды.
Құндылықтарға баулу
Қазақстандық патриотизм. Өмір бойы білім алу
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақ-тың басы
Оқушылармен амандасу
Өткен сабақтарға шолу жасау
М.Дулатұлы туралы бейнефильм көрсетеді
Мұғаліммен амандасады
Сұрақтарға жауап береді
Жарайсың!
Тамаша!
Керемет!
Сабақ-тың ортасы
1-тапсырма Шығарманың композициялық құрылысы 1.Шығарманың басталуы: Көктал қыстаған Құрман атаның ауылы жайлауға қонып, көптен көріспеген ел мәре-сәре болып жатқанда ауылға екі адам келіп түседі. Ертесіне ауылға крестьянский начальник келеді. Бәрі соның келуін тамашалап отырғанда топ ішінде Сәрсенбайдан біреу Шолпан жеңешем «тақия тігіп беретін» тапты деп сүйінші сұрайды.
2. Шығарманың дамуы: Ары қарай оқиғаны жалғастырмас бұрын Сәрсенбайдың кім екеніне тоқталып өтеді. Ол еш оқымаған, момын адам. Бәйбішесі Қалампыр бала көтермей бір күні қу бас деген сөз естіп, үйленуге бел буып, ағайындарын жинап, Жарас молданың Шолпан атты қызын алады. Сәрсенбай 45-ке, Шолпан 17-ге келгенде манағы топ ішінде сүйіншілеген Жамал дүниеге келеді. Бірінші көрген баласы болған соң Сәрсенбай үлкен той жасайды.
3. Шығарманың байланысы: Жамал сағынып көрген баланың алды болған соң бетінен қақпай, ұл балаша тәрбие береді. Бірде Сәрсенбайдың үйіне молда келеді. Жамалжан деп әкесі жұмсап жібереді. Сонда молда мырзаңызға қыздың есімін қойғансыз ба? – деп таңданады. Сонда ұл баладан кем екендігін айтқанында, молда қыз балаға тұлым қойып, оқыту керектігін ескертіп кетеді. Содан кейін Сәрсенбай Ғазиз деген татар оқытушысын ұстап, Жамалды оқытады, қызша киіндіреді. Қалампыр: «Жамал әлі кішкентай, өссін, сосын тұлым қойып, оқытамыз» - дейді. Сыртқа жаны ашып тұрғандай болғанымен ішінен тоқалдың қызын жақтырмайды. Ғазиз Жамалдың зеректігін байқап, сабақ соңынан алып қалып, әріп таныта бастайды. Жамал қазақтың қисса-жырларын жатқа білетін болады.
4. Шығарманың шиеленісі: Сәрсенбай болыстыққа сайлауға түседі де жеңіліп қалады. Кеткен шығынын ойласа намысына тиетін болады. Сөйтіп жүргенде болыспен құда Байжан таз Жұман баласына қыз іздеп, Сәрсенбаймен құда болады. Жамал өсе келе атастырылған жарының жаман, таз, ақылсыз екенін біледі. Өз көңілін көтеру үшін үнемі жиын-тойларға барып жүреді. Сондай тойлардың бірінде Ғалимен танысады.
5. Шығарманың шарықтау шегі: Ғали мен Жамал арасында махаббат оты орнап, үнемі хат жазысып жүріп, бір күні екеуі қашып кетеді. Қаладағы саудадас досы Фатихолла байдың үйін паналайды. Бұларды іздеп маза бермегендіктен Ғалидың нағашылары жаққа кетеді. Онда Ғали бара сала 13 күн ауырып, бейсенбі күні түс кезінде көз жұмады. Жамалды шешесі келіп алып кетеді. Ғалидің өлімі Жамалдың Байжан босағасына баруына себеп болады.
6. Шығарманың шешімі: Байжанның үйінде Жамал еш бақыт таба алмайды. Боранды түнде қалаға барып, Фатихолланың үйінде самауыр қайнатсамда, Байжанның таяғынан құтылайын деп боранды түнде адасып өледі.
2-тапсырма. Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды Шығарманың тақырыбы: Шығармаға арқау болған оқиғалар ХХ ғасырдың басындағы қазақ өлкесінде жиі кездесетін жас қыздардың қалың малға сатылып, сүймеген адамдарына ұзатылуы, олардың теңдік үшін күрес мәселелері суреттеледі. 1910 жылы «Бақытсыз Жамал» романы Қазанда басылып шықты
Шығарманың идеясы: Сол кездегі шындық өмірді көрсету, сол шындық арқылы оқырманына ой салу. Қазақ қыздарының тағдырын көрсету.
3-тапсырма Кейіпкерлер келбеті. 1. Басты кейіпкер Жамал - өз тағдыры үшін күресуге дайын, сауатты, саналы қыз. Бақыт жолында қандай қиышылық болса да күресуге дайын.
2. Ғали – медресе бітірген, мұғалім болып қызмет атқарған. Саудамен айналысады. Ынталы жігіт. Сүйгені үшін жанын құрбан етуге дайын.
3. Сәрсенбай – жүздеген жылқысы, үш жүздей қойы бар бай, момын адам. Байлықтың буы басын айналдырып, болыстыққа таласады. Байлығын босқа шашып, сайланбай қалады. Өзіне жақтас іздеп, болыстың інісі Байжанмен құда болуды ойлайды.
4. Байжан – құбылмалы, қатаң адам.
Әдеби теориялық ұғымдар. 1. Тақия тігіп беретін – қыз бала
2. Мырзаңыздың есімі кім? – ұл баланы айтады.
3. Суреттеу, жұмбақтау бар. 4. Мақал-мәтелдер көптеп қолданылған. Мысалы, «Үмітсіз - шайтан», «Мал бітпес жігіт болмас, құрарына қара, ұл таппас қатын болмас, тұрарына қара»,
Шығарманың композициялық құрыысы арқылы романның қысқаша мазмұнымен танысады.
Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды Шығармадағы кейіпкерлерге талдау жасайды