Дескрипторы:
кейіпкерлердің бір-біріне жасаған қарым-қатынасы арқылы дәріптелген құндылықтарды анықтайды;
кейіпкердің халық мұрасына құштарлығы тұрғысынан дәріптелген құндылықтарды анықтайды;
кейіпкердің өмірлік мақсат-мұратынан дәріптелген құндылықтарды анықтайды;
құндылықтардың қазіргі өмірдегі маңыздылығын түсіндіреді;
ҚБ дескриптор арқылы бағаланады. Жасаған қадамдарына қарай өзара бағалау жүргізеді.
Өзара тиімді кері байланыс жасайды.
Сабақтың ортасы
(25-30 минут)
|
Топтық жұмыс
«Уақыт шеңбері» әдісімен оқиғаның қай уақытта және қай жерде орын алғандығы жайлы талдап жазады.
Дескрипторы:
сюжетті уақыт тұрғысынан талдайды;
сюжетті кеңістік тұрғысынан талдайды.
ҚБ топ оқушылары өзара бағалау жүргізеді.
|
Сараланған тапсырмалар:
Қолдауды қажет ететін оқушыларға шығарманың композициялық құрылымы жөнінде көмек кестесін ұсынамын.
Қабілеті жоғары оқушыларға сұрақ-тапсырмалар ұсынамын:
1. Неліктен шығарма роман-эссе деп аталды?
2. Қ.Сәтбаевпен бірге оқыған көрнекті қайраткерлердің ұлт келешегі үшін атқарған ерен еңбегін дәлелдеп сипаттап бер.
3. Уинстон Черчилльдің сұрағына Қаныштың: «Халқым менен де биік» деп жауап беруіндегі астарлы ойды қалай түсіндің?
|
Сабақтың аяғы
(5-10 минут)
|
Кері байланыс: «Чемодан.Еттартқыш.Себет» әдісімен ілім деңгейлерін көрсетеді.
Чемодан – алда қажет болар барлық алғаны.
Еттартқыш – әлі де ой елегінен өткізетін дүниелері.
Себет – қажетсіз мәліметтер.
|
Үйге тапсырма:
Қ.Сәтбаевтың образына байланысты кестені толтыру:
|
|