ЖЖ. Тапсырма «Оқиғалар тізбегі» Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтіннің атауын талқылаңыздар. Мәтіндегі негізгі деректерді кестеге орналастырып, келесі бөлігіне болжам жасаңыздар
Дескриптор:
Мәтін атауына қатысты көзқарасын өзіндік көзқарасын білдіре алады
ТЖ.Тапсырма «Тұжырымдама» Мәтіндегі негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктеңіздер. Ұсынылған деректерді мәтін мазмұнымен салыстырыңыздар
Майқы би 1107-1225 жылдары өмір сүрген. Атақты би, суырып салма ақын. Түркі тұқымдас халықтардың бас биі. Аталары Абыл, Қайыр, Бақ. Шыңғыс ханның сенімді биі, дау-дамайды шешкен. Қазақ халқының бірлігін сақтап, ел болу жолында, ұлыс бірлігін құруда еңбек сіңірген қайраткер. Орманбет би өлгеннен кейін қазақ ұлысын құрған.
Дескриптор: 1.Мәтіннен негізгі ойды айқындайтын сөйлемдерді табады
2.Ұсынылған деректерді мәтіндегі ақпараттармен салыстыра алады
Қалыптастырушы бағалау: «Сөздер сыйы» әдісі
Сергіту сәті: «Тізбектел». Қолдарыңыздағы сөздерден шешендік сөз құрастырып, сол арқылы топ алмасыңыздар
Ж. Тапсырма. «Қолтаңба» 1-топ. «Рестовраторлар». Ұсынылған деректерден маңызды ақпараттарды өңдеп, автордың өмірбаянына түзетулер енгізіп жазыңыз
Дескриптор: 1.Ұсынылған деректерден маңызды ақпараттарды ажыра алады
2. Деректерге түзету енгізе отырып, автор атынан өмірбаян жаза алады
2-топ. «Өмір сызығы» Ұсынылған деректер негізінде Майқы бидің өмірбаянын графикалық органайзер түрінде ұсыныңыз
Дескриптор: Ұсынылған деректерден негізгі ақпараттарды таба алады
Тарихи тұлғаның өмір кезеңдерін график түрінде ұсына алады
3-топ. «Мұрағатшы»
Мәтіндегі деректерге сүйене отырып, Майқы бидің атынан өзі өмір сүрген заманындағы ең маңызды тарихи оқиғалармен байланыстырып, өмірбаянын жазыңыз
Дескриптор: Негізгі және қосымша деректер негізінде автор атынан өмірбаян жаза алады
Тарихи оқиғаларды автор өмірімен байланыстыра алады
Деректерді мазмұнына қарай логикалық жүйелілікпен қолданады
Өмірбаян жазуға қойылатын талаптарды сақтап жаза алады