Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.
|
Оқушыларды ынталандыру мақсатында мадақтау арқылы бағалау
|
Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып қосымша ақпаратпентанысады.
|
|
Тапсырмалар айдарындағы 1- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1-тапсырма: Төмендегі ақпаратқа зерттеу жүргіз. Көтерілген мәселеге болжам жаса.
Қазақстанда киелі жерлердің картасы жасалды. Картаға еліміздегі қасиетті орындар түсірілді. Тізімге Алматының бес бірдей мемлекеттік қорғаудағы жері енді. Оларды «Қасиетті Қазақстан» орталығы іріктеген. Бұл жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылуда.
2-тапсырма: Ақпараттарды оқулықта берілген «Алаша хан күмбезі» мәтіні бойынша ретімен орналастыр.
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1. Тапсырмада берілген ақпаратқа зерттеу жүргізеді. Көтерілген мәселеге болжам жасайды.
2. Ақпараттарды оқулықта берілген «Алаша хан күмбезі» мәтіні бойынша ретімен орналастырады.
|
ДК экраны
6-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
Слайд.
|
|
Тапсырмалар айдарындағы 2- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
3-тапсырма: Суреттер бойынша мәтін құра. Мәтінге ат қой.
Дескриптор: Жалпы - 4 балл
3. Суреттер бойынша мәтін құрайды. Мәтінге ат қойады.
|
ДК экраны
6-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
Слайд.
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
|