Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.
|
Оқушыларды ынталандыру мақсатында мадақтау арқылы бағалау
|
Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып қосымша ақпарат алады
|
|
Тапсырмалар айдарындағы 1- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1-тапсырма: Суреттер бойынша тақырыпты болжа.
2-тапсырма: «Кім жылдам?» ойыны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Балдан тәтті? (...)
2. Қара шаңырақ иесі кім? (...)
3. Балаға кім сыншы? (...)
4. Әкеден балаға берілетін зат. (...)
5. Үйдегі алтын адам кім? (...)
6. Адам бойындағы ең асыл қасиет. (...)
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1. Суреттер бойынша тақырыпты болжайды.
2. «Кім жылдам?» ойыны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.
|
ДК экраны
6-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
Слайд.
|
|
Тапсырмалар айдарындағы 2- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
3-тапсырма: Берілген сөздерден мақал-мәтел құрастырып жазыңдар.
1. Ұя, ұшу.
2. Әке, ұл, ана, қыз, өсу.
3. Әке, тау, ана, бұлақ, бала, құрақ.
|