Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.
|
Оқушыларды ынталандыру мақсатында мадақтау арқылы бағалау
|
Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып қосымша ақпаратпентанысады.
|
|
Тапсырмалар айдарындағы 1- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1-тапсырма: Төмендегі жоспар бойынша Қазақстанның қазіргі сәулет өнері туралы мәтін құрап жаз.
1. Қазақстанның сәулет өнері – мәңгілік құндылықтар.
2. Сәулет өнеріндегі бүгінгі жетістіктер – халық қазынасы.
3. Қазақ сәулетшілерінің еңбектері – мәдени мұралар.
2-тапсырма: Алматы және Астана қалаларындағы ғимараттарды салыну жылдарына қарай диаграммаға түсіріп, сипатта.
Медеу мұзайдыны
«Думан» ойын-сауық орталығы
Бейбітшілік және келісім сарайы
Алматы Арена
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1. Тапсырмада берілген жоспар бойынша Қазақстанның қазіргі сәулет өнері туралы мәтін құрап жазады.
2. Алматы және Астана қалаларындағы ғимараттарды салыну жылдарына қарай диаграммаға түсіреді және сипаттайды.
|
ДК экраны
6-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
Слайд.
|
|
Тапсырмалар айдарындағы 2- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
3-тапсырма: Аптаның жеті күні бойынша өз күн тәртібіңді жаз. Бөлек және бірге жазылатын сөздердің астын сызып, жазылу ережесін түсіндір.
4-тапсырма: «Қазақстанның сәулет өнері» тақырыбына келісу/келіспеу
эссесін жаз.
Үлгі:
Бір сөйлемнен тұратын тезис құрастыр.
Ақпарат жина.
Жоспар құр.
Кіріспе (эссенің 30 %-ы).
Негізгі бөлім (эссенің 60 %-ы).
Қорытынды (эссенің 10 %-ы).
|
Дескриптор: Жалпы - 4 балл
3. Аптаның жеті күні бойынша өз күн тәртібін жазады. Бөлек және бірге жазылатын сөздердің астын сызып, жазылу ережесін түсіндіреді.
4. Үлгі бойынша «Қазақстанның сәулет өнері» тақырыбына эссе жазады.
|
ДК экраны
6-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
Слайд.
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
|