Сабақтың тақырыбы Мәтіндік есептері шешу Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары оқу



Дата07.01.2022
өлшемі66,6 Kb.
#17232
түріСабақ
Байланысты:
8-алгебра,








Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.3A бөлім: Квадраттық функция

Мектеп: Жас дарын

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы


Мәтіндік есептері шешу

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу

бағдарламасына сілтеме)

8.4.2.3

қолданбалы есептерді шығару үшін квадраттық функцияны қолдану

8.4.3.1

есептің шарты бойынша математикалық моделін құрастыру



Сабақтың мақсаты

Квадраттық функцияның графигі мен қасиеттері есептер шығаруда қолдану

Бағалау критерийлері




Дағды

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну

Квадрат функцияның қасиетін біледі


Қолдану

Есептерді шығару үшін квадраттық функцияның графигі мен қасиеттерін қолданады

Анализ және синтез

Берілген есепті шығару үшін квадрат функцияның қандай қасиеттерін қолдану керектігін талдайды




Тілдік мақсат


Оқушылар нақты есепте квадраттық функцияның графигі мен қасиеттерін қалай қолдануға болатынын түсіндіреді.

Пәндік лексика және терминология

  • квадрат функция

  • функция

  • функция мәні

  • аргумент

  • аргументтің мәні

  • ең үлкен / ең кіші мәні

  • математикалық модель

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • ең үлкен / ең кіші мәнге парабола төбесінде ие болады

Айнымалы енгіземіз

х пен белгілейік

...х арқылы өрнектейік


Құндылықтарды дарыту

Функционалды сауаттылық – алған білімдерін жеке, әлеуметтік, экономикалық мақсаттарда қолдана алу.

Сабақтың мазмұны арқылы орындалады.



Пәнаралық байланыс

Физика, экономика

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Оқушылар квадрат функцияның қасиеттерін біледі, оларды квадрат функцияның графигі арқылы анықтай алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру бөлімі
Білімді жаңғырту

1) функция графигінен b және c коэффициенттерін анықтаңыз.





2) Кейбір өзендерге h (м) тереңдігіне тәуелді v(м/с ) өзен ағысының жылдамдығының формуласын

эксперимент түрінде енгізді.

Өзеннің максимал тереңдігін табыңыз (v = 0 болғандағы тереңдігі) және ағысы ең үлкен тереңдікті анықтаңыз.

Презентация

1-2 слайдтар


3-4 слайдтар


Сабақтың ортасы


Есептер шығару. Сыныпта талқылау

Оқушылардың назарын математикалық есептерді шығарғанда математикалық модель құрастырылатынына аудару керек. Әдетте оларға модель теңдеулерді, теңсіздіктерді немесе олардың жүйелерін шешу ретінде берілді. Бұл сабақта функционалды тәуелділіктер құрастыруға және шыққан функция қасиеттерін зерттеуге арналған есептерді шығару қарастырылады.


Келесі тапсырманы талқылауды ұйымдастыру:

3) Периметрі 16 см болатын, ауданы S тіктөртбұрыш қабырғасы х болатын функция ретінде берілген. Осы функцияның формуласын жазыңыз. х-тың қандай мәнінде функция ең үлкен мәнді қабылдайды. Жауапқа геометриялық түсіндірме беріңіз.

Шешуі.

Тіктөрбұрыштың бір қабырғасы х см,

екіншісі – (8 – х) см. Бұдан ,

немесе шығады.

Парабола тармақтары төмен қараған,

яғни ең үлкен мән параболаның төбесінде

болады және ол төбесінің ординатасы:

.

х = 4 болғанда S ең үлкен.

Егер тіктөртбұрыштың бір қабырғасы 4 см болса, онда екіншіс де 4 см, яңни, периметрі 16 см болатын тіктөртбұрыштың ішінде ауданы ең үлкен шаршы болады.
4) Фермерде 120 м қоршау бар. Ол бір жағы үйдің қабырғасы болатын тіктөртбұрышты қоршау жасағысы келеді. Сондықтан оған қоршауды тек үш жағынан қою керек. Фермердің қоршайтын ең үлкен ауданын табыңыз. Қоршаудың өлшемдері қандай болады?

5) Судың ағу үшін ғимараттардың төбесіне арнайы металл және пластиктен жасалынған науа орнатады. Науаны жасау барысында экономикалық тұрғыдан ең көп су ағатын тиімді өлшемді таңдау керек. Науаның көлденең қимасының периметрі 40 см.

а) Егер көлденең қиманың пішіні тіктөртбұрыш түрінде болса, ең көп су ағу үшін науаның өлшемі қандай болу керек?

б) Егер көлденең қиманың пішіні жарты шеңбер болса, оның радиусы қандай?



в) Қандай қима ең тиімді ?
Қосымша тапсырмалар

квадраттық функция графигі берілген.

Тұжырым дұрыс па:

а) ;

б) ;


в) ;

г) ?


Жауабы: а) ия; б) жоқ; в) жоқ) г) ия.

5 слайд


-8 слайдтар

Қосымша 1



Сабақтың соңы


Рефлексия

Бүгін мен … білдім.

Менде … жақсы шықты .

Маған …қиын болды .

Мені … таң қалдырды.

Мен … айтып өткім келеді .


Үй тапсырмасы: №3.36,3.39,3.40

1) Компьютер бұйымдарын шығаратын компанияның кірісі функциясымен беріледі, мұндағы – апта бойы шығарылған бұйымдар саны.

а) Осы функцияның графигін салыңыз.

б) Графиктің Ох осімен қиылысуын жазыңыз. Бұл координаталар қандай мәліметті көрсетеді?

в) Графиктің Оу осімен қиылысуын жазыңыз. Бұл координаталар қандай мәліметті көрсетеді?

г) Парабола төбесінің координаталарын табыңыз. Бұл координаталар қандай мәліметті көрсетеді?



2) Тұжырым дұрыс па: егер теңдеуінің екі түбірі болса, онда теңдеуінің де екі түбірі болады. Жауапты түсіндіріңіз.

9 слайд


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет