Қысқамерзімді жоспар Сабақтың тақырыбы: Миграция деген не? №4-сабақ.
Бөлім:
Қазіргі қоғам.Миграция. Зияткерлік миграция. Шешендік сөздер
Педагогтің аты-жөні:
Күні:
Сыныбы:11
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Миграция деген не?
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
11.2.2.1 таза ғылыми стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, ұғымдар, шартты белгілер, 2 Үлгі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Білім беру бағдарламалар орталығы» филиалы 2020-2021 оқу жылына арналған синтаксистік құрылымы); 11.2.1.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтау
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін: Білім алушылар тақырыптар бойынша өзіндік тұжырым жасап, интервью сұрақтарын дайындауды үйренеді.
Ұйымдастыру кезеңі: (Ұ) Оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.
Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
Туған жер, атамекен туралы мақалды эпиграф етіп алып, аргументті не дискуссивті эссе жазыңдар. Тақырыбын өздерің қойасыңдар.
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.