Графикалық редактор құралдарының көмегімен сынып бөлмесінің моделін ұсыныңдар.
ҚОРЫТЫНДЫ
Модель қажет:
нақты нысанды түсіну: құрылымы қандай, негізгі қасиеттері, даму заңдары мен қоршаған ортамен байланысы ;
нысанды немесе құбылысты басқаруды үйрену: мақсатқа жету үшін оны басқарудың ұтымды тәсілдерін анықтау;
нысанға қатысты барлық тәсілдер мен формаларды қолдану.
Модель – нақты нысанды , құбылысты немесе үдерісті қарапайым етіп түсіндіру.
Модель түпнұсқаның барлық негізгі сипаттамасы мен қасиетін сақтайды.
Модель – көрнекі түрде жазбаша жоспар, сызба ретінде жасалуы мүмкін. Мұндай модель барлық уақытта біздің ойымызда бейнеленетін прототип пайда болғанға дейін жасалады.
Бір объект үшін әр түрлі модель жасалуы мүмкін. Модельдің жасалуы зерттеу мақсатына және прототип жөнінде жинақталған мәліметтердің көлеміне тәуелді болады.
- Модельдеу – ғылымды тану тәсілі .
Үй тапсырмасы
§ 13,14 оқу
Тапсырма . Статистикалық және динамикалық модельдерге мысал келтіріп, кестені толтырыңыз.